Мәселе Google аккаунтта болуы мүмкін. Платформа Орталық Азияда ғана қолжетімді. Плей Маркетте басқа ел жазылып тұрса, ойын шықпайды. Плей Маркетте қай ел тұрғанын көру үшін Плей Маркетке кіріп, профиль ➡️ параметрлер ➡️ жалпы ➡️ аккаунт пен құрылғы параметрлері ➡️ ел мен профиль деген батырмаларды ретімен бас. Мысалы, онда «Грузия» көрсетілсе, оны өз еліңе (Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан немесе Қырғызстан) ауыстыр. Содан кейін іздеген кезде ойын табылады.