Пользовательское соглашение
Дождитесь окончания загрузки
Артқа

Пайдаланушы келісімі

Пайдаланушы келісімі 

Бұл Пайдаланушы Келісімі (әрі қарай – Келісім) «Qlever» білім беру-ойын-сауық платформасы иелерінің (әрі қарай – «Платформа Әкімшілігі») осы ресурста ақпаратты орналастыратын немесе пайдаланатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») төменде баяндалған шарттар бойынша келісім бекіту ұсынысы болып саналады. Платформаны пайдалану ережелері осы Келісімге қосымша болып табылады.

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Келісімнің барлық бөлімдерінде және құжаттарда және Тараптардың туындайтын немесе онымен байланысты қатынастарында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Әкімші – «Qlever» платформасы атынан әрекет ететін сайтты басқарудың уәкілетті қызметкері. Олар дербес деректерді өңдеуді ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады, пайдаланушыларды тексеруді, жаңалықтар, ойындар, сауалнамалар және тест бөлімдерін басқару жұмыстарын атқарады, форум модераторы болып, марапаттарды қосады/жояды, пайдаланушыларға Платформаны пайдалануда қолдау мен көмек көрсетеді.

Контент – бейнелер, мәтіндік, аудио-бейнематериалдар және авторлық және (немесе) сабақтас құқықтардың өзге де нысандары, сондай-ақ кез келген сипаттағы ақпарат пен хабарлар.

Дербес деректердің құпиялылығы – Дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге заңдық негізсіз оларды таратуға жол бермеу жөніндегі Әкімші немесе дербес деректерге рұқсат алған адам сақтауы тиіс міндетті талап.  

Мобильді қосымша – мобильді телефонда орнатуға және пайдалануға арналған, Пайдаланушыға Интернет желісін пайдалану арқылы Сервиске қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Дербес деректер – тіркелу кезінде (Пайдаланушы Профилін құру) немесе Сайтты пайдалану барысында Пайдаланушының өзі туралы ұсынатын кез келген ақпараты, оның ішінде Пайдаланушы құрылғысында орнатылған бағдарламалық жасақтама көмегімен платформаны пайдалану процесінде платформа Әкімшілігіне автоматты түрде берілетін ақпарат – Пайдаланушының дербес деректері, IP мекенжай, cookie ақпараты және Пайдаланушы туралы басқа да деректер бар. 

Пайдаланушы – осы Келісімге өз мүддесімен қосылған немесе өзі өкілдік ететін жеке тұлғаның атынан және оның мүддесі үшін әрекет ететін жеке тұлға.

Ынталандыру – BRYCA жобасының гранттық қаражаты есебінен ұсынылатын, Пайдаланушының сервисті қолданудағы ынтасын арттыру және оң ықпал ету тәсілі ретінде жүзеге асырылатын, ойындар мен тесттерден сәтті өткені үшін Пайдаланушылар алуы ықтимал платформа Әкімшілігі анықтаған материалдық игіліктер. 

Сервис — Платформаның негізгі функциялары, Пайдаланушының Платформаның сценарийінде қарастырылған белгілі бір нәтижені алуы үшін жүйелі түрде жанданатын деректер, командалар және аудиовизуалды суреттер, ойындар, марапаттар жиынтығы. 

Келісім – барлық толықтырулар, өзгерістер және онда көрсетілген міндетті құжаттары бар осы құжат және оның негізінде бекітілген қосымша шарттар.

Құрылғы – дербес компьютер, планшет, ұялы телефон, коммуникатор, смартфон және Платформаны функционалдық мақсаты бойынша қолдануға мүмкіндік беретін өзге де құрылғылар. 

Web-нұсқаwww.qlever.asia доменіндегі желілік мекенжайлар бойынша Интернет желісінде қолжетімді автоматтандырылған ақпараттық жүйе

1.2. Осы Келісімде 1.1. тармақта көрсетілмеген басқа да терминдер мен анықтамалар пайдаланылуы мүмкін, олар Пайдаланушы келісімінің мәтінінен туындайтын мағынаға сәйкес түсіндірілетін болады. Платформада қолданылатын терминдерді, анықтамаларды және сөз тіркестерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаса, Сайт Әкімшілігі анықтайтын түсіндіру қолданылатын болады. Келісім мен оның шарттары бойынша уағдаластық жасалатын басқа да құжаттар мәтінінде терминді бірмәнді түсіндіру немесе анықтама болмаған жағдайда, оны түсіндіру бойынша ұлттық заңнамаға сәйкес және кейіннен Халықаралық құқық нормаларын, іскерлік айналым дәстүрлерін және ғылыми доктринаны басшылыққа алған жөн.

2. Келісім мәні 

2.1. Осы Пайдаланушы келісімі Пайдаланушы Платформада тіркелген сәттен бастап танысқан және толық көлемде қабылдаған және оларды сақтауға немесе Платформаны пайдалануды тоқтатуға міндеттелген «Qlever» Платформасының пайдалану шарттары мен құпиялық саясатын белгілейді. 

2.2. Пайдаланушының Платформаға кіруі, Сайтты пайдалануы және/немесе Платформадағы кез келген басқа әрекеттерді жасауы осы Келісімнің барлық шарттарын қабылдағанын және орындауға міндеттелгенін білдіреді. Пайдаланушы осы Келісімді қабылдағанын қосымша растаған жағдайда ғана Пайдаланушыны Платформада тіркеу мүмкін болады.

2.3. Сервисті ұсыну осы Келісімнің ережелеріне және оның негізінде қосымша қабылданатын Платформа тиісті беттерде жариялаған және белгілі бір Сервисті пайдалану ерекшеліктерін реттеуі ықтимал міндетті құжаттарға сәйкес реттеледі.

2.4. «Qlever» платформасының жеке бөлімдері мен форумдары Пайдаланушының тәртібіне қойылатын талаптарды пысықтайтын өз ережелерімен толықтырылуы мүмкін.

3. Авторизация мен тіркеу

3.1. Платформада тіркелу тегін және оның функционалы ақысыз негізде беріледі. Платформаның мүмкіндіктері мен функцияларын пайдалану үшін Пайдаланушының өзі Сайтта тіркеуден өтеді. Платформа әкімшілігі тіркеу және тексеру кезінде Пайдаланушы көрсеткен деректердің шынайылығына және Пайдаланушының өзі туралы дұрыс емес мәліметті хабарлауы салдарынан Сервисті пайдаланудың мүмкін болмауы жағдайына жауап бермейді. Платформада тіркелу Пайдаланушының келесі деректерін – телефон нөмірін, тұрғылықты өңірін, жасы мен жынысын сұрайды. 

3.2. Платформада тіркеле отырып, Пайдаланушы кәмелетке толған әрекетке қабілетті тұлға немесе 12 жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе өзге заңды өкілі (қорғаушы, қамқоршы) екеніне кепілдік береді. Заңды өкіл кәмелетке толмаған тұлғаны сайтта тіркейді және оған өз жауапкершілігімен есептік жазба ашады. Қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес заңды өкіл «Qlever» платформасы аясында кәмелетке толмаған адамның барлық іс-әрекеті үшін толық жауапкершілікті ұғынады және мойнына алады. Пайдаланушы тіркеу барысында оған онлайн қызметтерді пайдалануға еш заңнамалық шектеу қойылмайтынына кепілдік береді. Ата-аналық бақылауды орындауға қатысты күмән туындаған жағдайда Платформа Әкімшілігі Пайдаланушының есептік жазбасын себептерін түсіндірмей-ақ жою құқығын өзіне қалдырады.

3.3. Тіркеу көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберілген құпия кодты растау бойынша өтеді. Құпия кодты растағаннан кейін Пайдаланушы авторизациядан өте алады. Тіркелген сәттен бастап Пайдаланушы осы Келісімдегі шарттармен танысқан және қабылдаған болып есептеледі. Пайдаланушы Платформаға кіру үшін есептік жазбаны жасай отырып, Пайдаланушы келісімін бекіту мен орындауға қажетті барлық құқықтар мен өкілеттіктерді иеленгеніне кепілдік береді.

3.4. Тіркелген Пайдаланушы Сервисті толық пайдалана алады және оған Платформаның барлық бөлімдері қолжетімді болады. Авторизациядан өтпеген Пайдаланушыға бұл мүмкіндіктер берілмейді және олар Платформаның мәтіндік беттерін ғана көре алады.

3.5. Сайтқа тіркелу кезінде Пайдаланушы платформа аясында сайтты пайдалануға байланысты жаңалықтар мен жарнамалық материалдарды алып тұруға келісім береді. Мұндай таратудан бас тартқысы келетін Пайдаланушы Сайт әкімшілігіне жаңалықтар мен жарнамалық материалдарды алудан бас тарту туралы жаза алады. Пайдаланушы Платформадан қызметтік хабарламаларды алудан бас тарта алмайды.

3.6. Пайдаланушы атын (лақап ат/nickname) таңдау Пайдаланушының айрықша құқығы болып саналады. Егер аттың жазылуы әлемдік танымал фирмалардың логотиптерін, сауда маркаларын және брендтерін қайталаса, сондай-ақ жалпыға ортақ моральдік және этикалық нормаларды бұзса немесе Платформаның басқа пайдаланушыларына тіл тигізу болып есептелсе, Әкімшілік бұл есімді (лақап ат/nickname) пайдалануды тоқтату шараларын қабылдау құқығын өзіне қалдырады. Бұрын тіркелген Пайдаланушының есімімен ұқсас және «Qlever» басқа Пайдаланушыларын жаңылыстыруы мүмкін есімдерді де тіркеуге тыйым салынады. 

3.7. Сайттағы авторизация үшін Пайдаланушының жеке логині және/немесе құпиясөзі қажет. Олардың көмегімен Платформаның тек қана тіркелген Пайдаланушыларға қолжетімді бөлімдеріне және соларға арналған жеке парақшаларға өтуге болады. Пайдаланушы өз логині мен құпиясөзін өзге тұлғаларға жария етпеуге, бермеуге және оның логині мен құпиясөзінің үшінші тұлғаларға қолжетімді болмауы үшін барлық қажетті күш-жігерді қолдануға міндеттеледі.

3.8. Егер Пайдаланушыдан өзге кез келген тұлға Пайдаланушының логині мен құпиясөзін қолданып, Платформада авторизациядан өтсе, онда бұл тұлға жасаған барлық әрекеттерді осы Пайдаланушы жасаған болып саналады. Пайдаланушы Платформада жасаған барлық әрекеттер үшін және Пайдаланушының логині мен құпиясөзін пайдалана отырып, кез келген басқа тұлғалар жасаған іс-әрекет үшін де дербес жауап береді.

3.9. Пайдаланушы өз құпиясөзінің сақталуына және оның рұқсат етілмеген және/немесе басқалардың пайдалануынан туындауы мүмкін барлық салдарына дербес жауап береді. Пайдаланушы өз логині мен құпиясөзін пайдалана отырып жасалған Сайттағы рұқсатсыз (Пайдаланушы рұқсат етпеген) авторизация туралы және/немесе құпиясөзінің бұзылғаны (Бұзушылық туралы күдік) туралы дереу Платформа Әкімшілігін хабардар етуге міндетті.

3.10. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушының Келісімнің осы бөлігінің ережелерін бұзуына байланысты ақпараттың жоғалуы немесе бұрмалануы ықтималдығы үшін жауап бермейді.

4. Платформаның жұмыс істеуі және оны қолдану 

4.1. «Qlever» білім беру-ойын-сауық Платформасы сыни ойлауды дамытуға, ойын-сауық және оқыту элементтері бар мобильді ойындар арқылы пайдаланушыларды медиасауат негіздерімен таныстыруға арналған. Платформа Web-нұсқада және мобильді құрылғылар үшін Android бағдарламалық жасақтамасы базасында қолжетімді. Белгіленген техникалық талаптарға сәйкес Платформаны тек интерактивті (онлайн) режимде пайдалануға болады, осыған байланысты Пайдаланушы Интернетке қосылуды қамтамасыз етуі қажет. Пайдаланушы Интернетке қосылуды қолдауға, Интернетті қолжетімді етудегі барлық шығындарды өтеуге міндетті.

4.2. Платформа Әкімшілігі контентті, оның ішінде ойындарды тиісті бөлімдерге орналастырады және тіркелген Пайдаланушылар үшін қолжетімді етеді. Платформаға орналастырылған ойындар тәуекелдерге негізделмеген және оларды пайдалануда ойыншылардың ықтимал қаржылық немесе материалдық тәуекелдеріне жол бермейді. Ойын нәтижесі ойыншының шеберлігі мен қабілетіне тікелей байланысты және кездейсоқ түрде анықталмайды. Платформа сервисін немесе оның компоненттерін, соның ішінде ойындарды пайдалану пайдаланушылардан ақы төлеуді, ақшалай немесе өзге де материалдық салымдарды талап етпейді.

4.3. Аталған платформада ұсынылған ойындар платформаның ақпараттық бөлімімен байланысты болуы мүмкін. Жаңалықтар бөлімдерімен, глоссариймен және платформада орналастырылған басқа да материалдармен танысу ойындардың табысты өтуіне ықпал етуі мүмкін. Ойынға қатысты барлық зияткерлік және өзге де меншік құқықтары, соның ішінде, кез келген графикалық бейнелерді, фотосуреттерді, анимацияларды, бейнежазбаларды, аудиожазбаларды, музыканы және мәтінді қоса алғанда, ойынды сүйемелдейтін материалдар мен оның кез келген бөліктері немесе көшірмелері Әкімшілікке немесе тиісті құқық иелеріне тиесілі. Қолданыстағы ұлттық заңнамада карастырылған жағдайларды қоспағанда Әкімшілік Ойыншының Ойын барысында берілген жеке ақпаратын құпия сақтауға міндеттеледі.

4.4. Пайдаланушының ойын логикасында қарастырылған кез келген әрекетті жасауға, ойын нысандарын басқарып, ойын заттары мен құндылықтарын басқа Пайдаланушылармен бөлісу үшін техникалық мүмкіндіктерді пайдалануға құқығы бар. Пайдаланушы Ойынның бағдарламалық кодына араласпауға, Әкімшіліктің тиісті рұқсатынсыз ойын пайдаланушыларының деректер базасына немесе Интернет желісінде жоқ басқа материалдарға қолжетімділік алмауға міндеттеледі. Құқық иелерінің рұқсатымен контентті өзгертуді қоспағанда, Пайдаланушыда Ойын немесе оның бөліктері негізінде туындаған жаңа өнім жасау құқығы жоқ. 

4.5. Пайдаланушыда Ойында қарастырылмаған мүмкіндіктерді алу үшін Ойынның қателерін немесе кемшіліктерін пайдалану құқығы жоқ және бұл кемшіліктер мен оларды пайдаланған тұлғалар туралы Әкімшілікке дереу хабарлауға міндетті. Хабарламаған жағдайда Ойыншы осы Келісімде қарастырылған құқықтардан айырылады. Пайдаланушы ойын мен ойын процесін қолдануға байланысты шағымдар мен ұсыныстарды пайдаланушылардың арнайы контингентіне — ойын форумына немесе электрондық пошта арқылы көрсетілген мекенжайларға жіберуге құқылы.

4.6. Платформа сервисі осы «Платформаның шарттары мен ережелері» келісімінің қосымша құжатына сәйкес, Платформа Әкімшілігі айқындаған материалдық игіліктер түрінде ынталандыру алуға мүмкіндік береді. Бұл ынталандыру Ойыншының ойындар мен сынақтардағы сапалы ілгерілеуінен кейін ғана қолжетімді болады. Ынталандыру алу Платформаны пайдаланудың қажетті шарты болып табылмайды және Пайдаланушының сұрауы мен қалауы бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланушы ойын процесі аясында және Платформа Әкімшілігі белгілеген шамада Сервис мүмкіндіктерін пайдалануға құқылы.

4.7. Ынталандыруды пайдалану құқығы Пайдаланушының есептік жазбасындағы (аккаунтында) QR кодты ұсынған кезде берілген болып саналады. Ынталандыруға сұрау салу кезінде Пайдаланушы жеткізудің тиісті әдістерінің нұсқаулықтарын және ынталандыруды алу үшін белгіленген талаптарды ұстануға міндеттеледі. Пайдаланушы Платформада тіркелуде және ынталандыру алу үшін дұрыс дербес деректерін көрсетуге міндетті. Пайдаланушы дұрыс емес деректерді көрсетуінің кесірінен ынталандыру алу кезінде жағымсыз салдардың туындау қаупі үшін өзі жауапты болады. Алу/беру салық міндеттемелермен шартталған ынталандырулар (құны есептік көрсеткіштің 5 есе мөлшерінен асатын) алған жағдайда тиісті салықты төлеу мақсатында пайдаланушы Платформаның Әкімшілігіне немесе оның өкілдеріне ынталандыру алушының (сол сияқты кәмелетке толмаған пайдаланушының ата-анасының бірінің, қамқоршысының немесе өзге де заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Ынталандыруды беру барлық нұсқауларды орындаған және ынталандыру алу қағидаларын сақтаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Пайдаланушыға нақты берілгеннен кейін Платформа Әкімшілігі ынталандыруды одан әрі пайдалану/пайдаланбау үшін жауап бермейді. 

4.8. Пайдаланушы осы келісіммен үшінші тұлғалардың құқықтарын және қолданылатын құқықты бұзбай, өзі таңдаған ынталандыруды алуға құқылы екенін растайды. Пайдаланушы Платформа әкімшілігіне, басқа пайдаланушылар мен үшінші тұлғаларға өзінің заңсыз мінез-құлқына, оның ішінде шынайы емес немесе өзіне тиесілі емес деректерді пайдалануға байланысты туындаған барлық шығындарды өтеуге міндеттеледі.

5. Тараптардың жауапкершілігі 

5.1. Платформа әкімшілігі Платформаның тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тырысады, бірақ Платформа әкімшілігі Платформа жұмысында кез келген себептер бойынша орын алған қандай да бір бұзушылықтар үшін еш жауапты болмайды.

5.2. Платформа әкімшілігі Платформада орналастырылған ақпараттың барлық уақытта қолжетімді боларына немесе жойылмауына немесе жоғалмауына кепілдік бермейді. Платформа әкімшілігі Платформа жұмысындағы шалыстар мен кідірістер үшін және осындай шалыстар мен кідірістердің ықтимал салдары үшін жауапкершілік көтермейді. 

5.3. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушының жеке ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, рұқсатсыз таратудан және үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды. Пайдаланушылардың дербес деректері Платформаның мүддесі мен мақсаттары үшін ғана қолданылады және коммерциялық мақсатта пайдаланылмайды. Ешбір жағдайда Пайдаланушылардың дербес деректері Платформа Әкімшілігінен тыс үшінші тараптарға берілмейді.

5.4. Платформа әкімшілігі платформаға қызмет көрсету жөніндегі жұмысты атқаруға байланысты өзіне белгілі болған дербес деректер туралы ақпаратты құрайтын мәліметтерді жария етпеуге және жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қол сұғушылықтан және оларды үшінші тұлғалардың жария ету әрекеттерінен қорғауға міндеттеледі. Пайдаланушылардың дербес деректері туралы ақпаратты құрайтын және Платформа Әкімшілігінің материалдық және материалдық емес формада алған барлық ақпарат қатаң түрде BRYCA жобасының меншігі болып табылады және жоба консорциумынан тыс хабарлау құқығы жоқ.  

5.5. Пайдаланушы Сайт әкімшілігінің Платформа сервисін пайдалану үшін, пайдаланушымен байланыс орнатуы үшін, оның ішінде платформаны пайдалануға қатысты хабарламалар, сұраулар мен ақпарат жіберу, сондай-ақ Пайдаланушыдан келген сұраулар мен өтінімдерді өңдеу, Платформа контентін жақсарту, иесіз қалған деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу, Платформа пайдаланушыларының есебін жүргізу үшін Пайдаланушының жеке ақпаратын жинауына, сақтауына және өңдеу бойынша өзге де іс-әрекеттер жасауына келісім береді. 

5.6. Платформа әкімшілігі Платформаны пайдалану нәтижесінде немесе Платформаның жұмысына байланысты және осы Келісімде қарастырылған барлық өзге жағдайлардағы 

Пайдаланушыға немесе үшінші тұлғаларға келген шығынды, жіберілген пайданы, моральдық және өзге де зиянды қоса алғанда, кез келген шығын үшін жауап бермейді, оны өтемейді және жауапкершілігін көтермейді. 

5.7. Пайдаланушы Платформаға өзі орналастыратын және/немесе Платформа арқылы басқа Пайдаланушыларға немесе үшінші тұлғаларға хабарлайтын ақпарат үшін, оның ішінде ақпараттың мазмұны үшін, Пайдаланушы орналастыратын және/немесе хабарлайтын ақпараттан үшінші тұлғалардың құқықтары бұзылғаны үшін өзі жауап береді. Пайдаланушы Платформадағы бұзушылықтар және/немесе осындай ақпаратты орналастыру және/немесе Платформа арқылы хабарлау және Платформаны пайдалануға байланысты өзге де іс-әрекеттер салдарынан басқа Пайдаланушыларда, үшінші тұлғаларда немесе Платформа Әкімшілігінде туындаған кез келген шығынды (оның ішінде жіберілген пайданы, моральдік және өзге де залалды) жеке өзі өтейді.

5.8. Пайдаланушы Платформаны пайдалану кезінде Платформаның деректерін пайдалану арқылы келесі ақпаратты орналастырмауға және ешқайда жолдамауға міндеттеледі:

− үшінші тұлғалардың ар-намысын және/немесе қадір-қасиетін қорлайтын, кемсітетін, тіл      

   тигізетін, жала жабатын және қорқытатын; 

− үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын;

− азаматтардың жеке өмір сүру құқықтарын және қоғамдық тәртіпті бұзатын; 

− адамдарды нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни белгілері, әлеуметтік мәртебесі, 

   жыныстық бағдары немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуді насихаттайтын;

− конституциялық құрылысты өзгертуге ықпал ететін және/немесе шақыратын;

− араздықты тұтандыру әрекетінен немесе азшылықтардың құқықтарына қысым жасауға, 

   зорлық-зомбылыққа шақырудан тұратын соғыс, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық  

   алауыздықты бастайтын;

−құрамында порнографиялық материалдары бар немесе өзге де адамгершілікке нұқсан 

  келтіретін материалдарды қамтитын; 

− экстремистік материалдарды қамтитын;

− азаматтардың діни сезімдерін қорлайтын;

− «тапсырыстық» сипаттағы ақпарат, яғни Платформа құру мақсаттарына сай келмейтін, қандай да бір мүдде үшін құрылған ақпарат салынбауы керек;

5.9. Пайдаланушы Платформаны пайдалану кезінде мына нәрселерге міндеттеледі:

−Платформада және/немесе Платформа арқылы кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың бұзылуына, түрленуіне, бұғаттауына, жойылуына немесе функционалдығын шектеуге арналған компьютерлік вирустарды немесе басқа да компьютерлік кодтарды, файлдарды немесе рұқсатсыз кіруді жүзеге асыруға арналған бағдарламаларды және коммерциялық бағдарламалық өнімдерге сериялық нөмірлерді және оларды өндіретін бағдарламаларды, логиндерді, құпиясөздерді және өзге де Сайтқа және Интернет желісіндегі ақылы ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу құралдарын таратпау қажет;

− Ақпаратты және Деректер базасын «тартып алуға» (жинауға), заңсыз беруге, көшіруге, бұғаттауға, түрлендіруге, жоюға бағытталған және Платформа Әкімшілігі орнатқан шектеулерді айналып өтуге бағытталған қандай да бір компьютерлік бағдарламаларды, роботтарды («өрмекшілер») немесе басқа да автоматты алгоритмдер мен әдістерді таратпау және/немесе пайдаланбау керек. 

− Басқа пайдаланушыларға ойын нәтижесін өзгертуге немесе оған әсер етуіне мүмкіндік беретін ақпаратты бермеуге (мысалы, ойын тапсырмаларының дұрыс жауаптарын);

− Платформада ынталандыру алу үшін қажет жұлдыздарды (ұпайларды) жасанды жолмен жинақтауға және аударуға қатыспауға, соның ішінде: Платформаның бір пайдаланушысына бір есептік жазбадан (аккаунттан) артығын ашуға, жұлдыздарды бір аккаунттан екіншісіне аударуға, промокодтарды немесе платформадағы жұлдызшалардың басқа баламасын басқа пайдаланушыға беруге, бір немесе бірнеше аккаунтта жұлдызшаларды жинау мақсатында басқа пайдаланушылармен сөз байласуға және Платформа Әкімшілігі белгілеген шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік беретін өзге манипуляция жасау тәсілдеріне;

− Платформада зияткерлік меншік туралы заңнамамен қорғалатын (соның ішінде қандай да бір патентті, тауар таңбасын, авторлық және/немесе олармен сабақтас құқықтарды қозғайтын, бірақ олармен шектелмейтін) Ақпаратты және басқа да заңмен қорғалатын Ақпаратты тиісті құқықтарсыз және құқық иесінің рұқсатынсыз орналастырмау керек немесе өзге тәсілмен пайдаланбаған жөн. Даулы жағдай туындаған сәтте Пайдаланушы орналастыратын ақпараттың ешкімнің құқықтарын бұзбайтынын дәлелдеу жүктемесі Пайдаланушының өзіне артылады;

− Платформа Әкімшілігінің алдын ала келісімін алмай Платформада жарнамаларды орналастырмау және таратпау;

− басқа Пайдаланушылардың дербес ақпаратын жинау, сақтау, тарату және өңдеу жөніндегі өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырмау;

− Платформада мазмұны заңнама талаптарына және/немесе осы Келісімге қайшы келетін басқа Интернет-ресурстарға сілтемелерді қоймау;

− Платформада тіркелу кезінде өзі туралы жалған Жеке ақпарат көрсетпеу, басқа өмірде нақты бар тұлғаның атынан Платформада тіркелмеу және өзге әрекет жасамау, үшінші тұлғалардың жеке ақпаратын көрсетпеу, үшінші тұлғалардың заңсыз өкілдігінің формалары мен тәсілдерін қолданбау;

− Платформа арқылы басқа Пайдаланушылардан және/немесе үшінші тұлғалардан бопсалауға немесе ақша алуға бағытталған әрекеттерді жасамау;

− Платформа арқылы есірткі және психотроптық заттарды пайдаланбау және насихаттамау және жезөкшелікпен айналысуға тартпау;

− Сайтты пайдаланып, ұлттық заңнаманың және/немесе осы Келісімнің талаптарына қайшы келетін және өзге де заңға қарсы әрекеттерді жасауға атсалыспау. 

5.10. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушыға Платформада ақпаратты орналастыруға және Платформа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік қана береді. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушылар Платформаға орналастырған ақпараттың шынайылығы мен заңдылығы үшін жауап бермейді. Платформа Әкімшілігі өз қалауымен Пайдаланушы орналастырған кез келген ақпаратты орналастырудан бас тарта алады, жояды және/немесе өңдей алады. Пайдаланушы қолданыстағы Келісімді бұзған жағдайда Әкімшілік алдын ала ескертусіз біржақты тәртіпте Пайдаланушының Платформаға қатысуын немесе қолжетімділігін толық немесе ішінара шектеуге және осындай әрекеттен немесе әрекетсіздіктен Пайдаланушыға келуі мүмкін кез келген залал үшін жауап берместен Пайдаланушының Платформа сервисін қолдануынан бас тартуға құқылы.

5.11. Ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан Республикасы заңнамасының, атап айтқанда, «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заңның, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын және қасақана жалған ақпарат тарату үшін Қылмыстық кодексте қарастырылған жауапкершілікті ескере отырып әзірленді. Платформа Интернет желісінде таратылатын ақпараттың мүмкіндіктері, күш-қуаты, және қауіп-қатері туралы пайдаланушылардың хабардарлық деңгейін арттыруға және балалар мен жастардың сыни ойлау, жалған ақпарат пен өшпенділік тілін заңсыз насихаттауға қарсы тұру қабілетін қалыптастыру арқылы оларды радикалдаудың алдын алуға арналған. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсаттарында келтіріледі және заңға қайшы пиғылды көздемейді. Пайдаланушы осы платформаның жоғарыда аталған мақсаттары мен міндеттерін түсінгенін растайды және келісімін береді.

6. Хабарламалар

6.1. Пайдаланушы Платформа аясында болып жатқан немесе оған байланысты маңызды оқиғалар туралы ақпараттық электрондық хабарламаларды ала алады.

6.2. Профилактикалық жұмыстарға, Пайдаланушының бұзушылықтарына, Платформа функционалының, Келісімді, міндетті және қосымша құжаттарды өзгертуді қоса алғанда, Сервис ұсыну мазмұнының немесе шарттарының өзгеруіне байланысты Платформаға және/немесе Сервиске қолжетімділік шектеулері туралы Пайдаланушыны хабардар ету үшін хабарламаларды пайдалануға жол беріледі.

6.3. Платформа Әкімшілігі өз қалауы бойынша өз қызметтері мен үшінші тұлғалардың өнімдерінің (қызметтерінің) жарнамаларын тарату үшін хабарламаларды пайдалануға құқылы.

7. Қорытынды ережелер 

7.1. Платформаның жұмыс істеу мәселелері бойынша шағымдар туындағанда немесе оны пайдалану кезінде Пайдаланушының құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда дауды шешу және реттеу мүмкіндігін қарау үшін Платформа Әкімшілігінің өтініштері жіберілуі мүмкін. Осы Келісім арқылы реттелетін қатынастардан туындайтын барлық ықтимал даулар Платформаның құқық иеленушілері орналасқан жерде қолданылатын ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

7.2. Егер осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережесі қандай да бір себептермен жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

7.3. Пайдаланушы осы Келісімнің ережелерін бұзған жағдайдағы Платформа Әкімшілігі тарапынан болған әрекетсіздік өз мүдделерін кешірек қорғау үшін тиісті іс-қимыл жасау құқығынан айырмайды және одан кейін де осындай немесе ұқсас бұзушылықтар жасалған жағдайда Платформа Әкімшілігінің өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді.

7.5. Бұл Келісім орыс тілінде жасалды және кейбір жағдайларда Пайдаланушыға танысу үшін басқа тілде берілуі мүмкін. Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы мен Келісімнің өзге тілдегі нұсқасында алшақтық болған жағдайда осы Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасының ережелері қолданылады.

7.6. Қазақстан Республикасы аумағында пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеу және платформаны басқару мүмкіндігіне ие Платформаның құқық иесі Алматы қ., Казыбек би к., 117/86, 207-303 кеңсе мекенжайында орналасқан «MediaNet «Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ болып табылады