Дождитесь окончания загрузки
Артқа

Аккаунт пен жеке деректерді өшіру

Аккаунт пен жеке деректерді өшіру

Qlever аккаунтың мен жеке деректеріңді өшіргің келсе, мына үш жолдың біреуін таңдап, бізге хабарлас:

1. Telegram боттың “Басқа” деген бөліміне жаз.
Бұл жерде біз жылдам жауап береміз. Міндетті түрде Qlever аккаунтыңа қосылған телефон нөмірінен жаз.

Қазақстандағы Телеграм бот
Қырғызстандағы Телеграм бот
Өзбекстандағы Телеграм бот
Тәжікстандағы Телеграм бот

2. Бізге Qlever платформасында жаз.
Смартфонда “Qlever туралы” ➡️ “Әкімшілікке хабарласу” бөліміне кір.
Веб нұсқада экранның сол жағындағы мәзірден “Кері байланыс” бөлімін тап.

3. Бізге qlever.game@gmail.com поштасына жаз.
Міндетті түрде Qlever аккаунтыңа тіркелген email-дан хабарлас.

Біз базамыздан сенің жеке деректеріңді - аты-жөніңді, тұратын жеріңді, никнейміңді, туған күніңді, сыйлық ұтып алғанда көрсетілген мекенжайыңды және т.б өшіреміз. Сенің әрекеттерің туралы кей деректер (мысалы, ойын сессиялары немесе дүкеннен алған сыйлықтар туралы деректер) платформада қалады, бірақ сенің деректерің көрінбейді. Яғни, бұл деректер саған байланстырылмайды және саған қатысы барын анықтау мүмкін болмайды.

Бұл деректерді Qlever платформасының дұрыс жұмыс істеуі үшін және статистикасы үшін сақтаймыз.