Дождитесь окончания загрузки
Артқа

Жоба туралы ақпарат

QLEVER+ платформасы туралы 

QLEVER платформасы - Орталық Азиядағы осал жастардың сыни ойлауын дамыту және тақырыптық онлайн ойындар мен ынталандырулар арқылы дезинформацияға, пропагандаға, радикализмге және интернеттегі өшпенділік тілінің таралуына төзімділігін арттыру мақсатында серіктестер тобы әзірлеген танымдық онлайн портал.

QLEVER-дің негізгі аудиториясы - Орталық Азия елдерінің шалғай аудандарындағы: Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстандағы 12-ден 35 жасқа дейінгі, Өзбекстандағы 18-ден 35 жасқа дейінгі жастар.

Білім беретін және көңіл көтеретін ойындардан бөлек, серіктестер медиа және ақпараттық сауатты арттыру үшін жасаған платформада ақпараттық-жаңалық материалдары, интерактивті сауалнамалар, викториналар және т.б. жарияланып отырады. Қолданушылар онда жиналған балды «Дүкен» бөлімінде бағалы сыйлықтарға айырбастай алады. 

Платформаны тегін пайдалануға болады және ол қолданушылардан ақшалай немесе басқа да материалдық төлемді қажет етпейді. Сервис коммерциялық емес мақсатта қолданылады және коммерциялық қызметтер ұсынбайды. 

Платформа контентінің барлығы қазақ, қырғыз, тәжік, өзбек, орыс және ішінара қарақалпақ тілдерінде қолжетімді. 

QLEVER платформасы Android операциялық базасы негізіндегі цифрлық құрылғыларда, сонымен қатар Chrome, Mozilla Firefox, Microsoft Edge, Safari, Opera браузерлеріндегі www.qlever.asia веб-cайтында қолжетімді. 

Тіркелген қолданушы платформаның барлық функциясы мен компонентін қолдана алады. Толық қол жеткізу үшін тіркелу процедурасынан өту керек. Тіркелмес бұрын Тұтынушылық келісіммен және Құпиялылық саясатымен танысып алыңыз. 

Платформа 2024 жылғы ақпанда АҚШ Мемлекеттік департаменті Демократия, адам құқықтары және еңбек бюросының (DRL) қолдауымен  «Білім беретін ойындар көмегімен (QLEVER+) пропаганда мен өшпенділікке қарсы тұру үшін Орталық Азияның осал жастарының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасы аясында қайта жалғасын тапты. 

Жобаның серіктес-атқарушылары: ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция), «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры (Қазақстан), ОСОО «Чырак  Глобал» (Қырғызстан) және «Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (Тәжікстан). Бұл платформа 2020-2022 жылдары серіктестер сәтті іске асырған BRYCA жобасының логикалық жалғасы. 

Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірлерге хабарласыңыз: 

Қазақстанда

Email: qleverkz@gmail.com

Телефон: +7 727 339 0552

Қырғызстанда

Email: chyrakglobal@gmail.com

Телефон: +(996) 707 11 22 55

Тәжікстанда

Email: qlever.tj@gmail.con

Телефон: +992 925558484

Өзбекстанда

Email: uzb.qlever.game@gmail.com, cdmjuz@gmail.com

Телефон: +998 909410836