Алаяқтар мен манипуляторлардың құрбаны болмас үшін сын тұрғысынан ойлауды дамытып, белгілі бір қадамды қолға алу қажет.
Бірінші қадам. Әуелі, ақпаратты талдап, деректерді түсініп, қажет болған жағдайда кіріспені бағалауыңыз керек. Бұл – ақпаратпен жұмыс істеу дағдысына қатысты маңызды құзыреттілік. Бірінші кезектегісі деген не және екіншісі деген қайсы? Не маңызды және қайсы қосалқы? Себеп пен нәтиже қайда? Бірінің екіншісімен қандай байланысы бар?
Екінші қадам. Сын тұрғысынан ойлайтын адамды алдап кету қиын, себебі ол барлық логикалық қате мен ойлаудағы сәйкессіздікті демде біліп қояды. Маңызды сұрақтарға қарапайым алгоритмді қолданыңыз. Талқылап отырған тақырып түсінікті ме? Тақырыпт алмастырылған немесе әдейі ауыстырылған ба? Тақырып тарылған немесе жалпылай емес пе? Барлық дәлел рас па? Барлық дәлел ашылып, дәлелденген бе? Қарама-қайшылық бар ма? Нақты себеп байланысы бар ма?
Үшінші қадам. Логика қателерін табу бір басқа, оларды қарсыласыңызға түсіндіру және дәлелдеу мүлдем бөлек. Дәлелдеу және дәлелді ойлау дағдысы – сын тұрғысынан ойлаудың негізгі құзыреттілігі. Қарсыласты сендіру үшін әдемі сөйлеп, жақсы жеткізу емес, жан-жақты дәлелденген және ашылған дәлелдер керек.
Төртінші қадам. Енді бастысы – мынау. Теориялық тұрғыдан алғанда, адам ақпаратты жақсы талдай алады, логика бойынша оқулықтағы жаттығулардан логикалық қателерді таба алады, аргументтерді жасанды «пікірталас» форматында құрастыра алады. Бірақ ол осы білім мен дағдылардың барлығын іскерлік тәжірибеге айналдыра алмаса, нақты практикалық кейстерді шеше алмаса, әлгі қабілеттерден пайда жоқ. Сол себепті сыни тұрғыдан ойлаудың төртінші компоненті – нәтижелерді проблеманы шешуге қолдану.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға болады, ол керек те. Бұл – үздіксіз еңбекті қажет ететін дағды. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз сынға қатысты нәрсе емес. Бұл үлкен ақпарат ағынын қалай басқаруға болатыны, қабылданатын ақпаратқа қалай күмән келтіруге болатыны жайында. Күмәнданып, әртүрлі және көп сұрақ қою қажет. Идея, мәлімдеме немесе ой неғұрлым күрделі болса, соғұрлым көп сұрақ туындауы керек. Ақпаратты екі рет тексеріп, негізгі дереккөзді іздеуден, бірнеше дереккөздерді салыстырудан қорықпау керек. Бірнәрсеге түпкілікті сенуге болмайды. Бұл мақалаға да.
Дереккөз: https://www.forbes.ru/karera-i-svoy-biznes/370759-ne-veryu-kak-razvit-kriticheskoe-myshlenie