Бүгінгі заманауи әлемде, онлайн-қызметтердің дамуымен қаржылық өнімдер мен қызметтер барған сайын қолжетімді бола түсті. Тұтынушыларға бұл өзгеріске икемделіп, саналы шешім қабылдауға және жаңа технологияларды енгізумен белсенділігі күрт өскен алаяқтардың айласына түсіп қалмауға көмектесу қажет.
Қаржылық сауаттың жастар үшін өзектілігі
Жас ұрпақ үшін бұл өте өзекті мәселе. Оның үстіне, қаржылай тұрғыда жетілген мінез-құлық тек білімнің ғана емес, сонымен қатар адамның жас кезден бастап өмір бойы кезең-кезеңімен жетілген дұрыс әдеттердің арқасы. Мәселені толығырақ қарастырайық.
Қаржылық сауат дегеніміз не?
Қаржылық сауат – адамға экономикалық тұрғыда дұрыс және тиімді шешімдер қабылдау үшін қажет қаржы саласындағы білім мен дағдылар. Бұл қаржылай сауатты адам өз бюджетін жоспарлауды, қаржылық мақсаттар мен басымдықтарды анықтауды, шығындары мен кірістерін басқаруды, дұрыс қаржылық өнімдерді таңдауды, қарыздарын басқаруды және ақылға қонымды тәуекелмен ақшаны инвестициялауды түсінеді деген сөз.
Жастардың қаржылық сауат мәселесінің ерекшеліктері
Ең алдымен, жастар өмірлік жолын енді бастап жатыр, өз қаржысын басқаруда көбіне жеткілікті тәжірибесі жоқ және болашағына бей-жай қарайды. Екіншіден, заманауи әлем небір көз алдайтын жылтыр мен халық тұтынатын тауарлардың барлық түрін ұсынып отыр. Бұл несиенің оңай қол жетімді болуымен жас адамға жылдар бойы қажетсіз шығындар мен негізсіз қарыз жүктемесіне әкелуі мүмкін. Үшіншіден, көптеген жас қаржылық өнімдер туралы сапалы ақпаратқа қол жеткізе алмайды немесе немқұрайлылық салдарынан тәуекел ауқымын мұқият түсінуге ұмтылмайды.
Қаржылай сауатсыз болудың салдары
Бұл факторлар несие бойынша қолжетімсіз қарыз, төмен жинақ, қажетті қаржылық мақсаттарға қол жеткізе алмау және басқа да әртүрлі проблемаға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қаржылық сауаты жоқ кез келген адам белсенділігі жылдан-жылға артып келе жатқан алаяқтардың құрбанына айналуы ықтимал.
Қаржылық сауат жай ғана білім жиынтығы емес, ол жас кезден қалыптасуы керек маңызды дағды. Қаржылық білім мен дұрыс әдеттерге ие жастардың табысты және тұрақты болашаққа ие болу мүмкіндігі жоғары. Қаржылық сауатты арттырып, медиа-білім берудің әртүрлі бағыты бойынша білімін кеңейткісі келетіндер үшін көптеген бағдарлама мен ресурстар бар. Осындай ресурстардың бірі - Qlever платформасы. Біздің платформа жастарға бүгінгі әлемді жақсырақ түсінуге, дұрыс шешімдер қабылдауға және әртүрлі тәуекелдердің алдын алуға көмектеседі. Qlever арқылы жан-жақты білімге сапарлап, табысты болашаққа қадам басыңыз.