Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

ҚАРЖЫЛАЙ САУАТТЫ АДАМНЫҢ 7 ЕРЕЖЕСІ

20.06.2024 • 13:21

Бұл мақалада біз қаржылық сауат деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін қаржы және негізгі ережелер туралы айтамыз:

Қауіпсіздік қорын құр

Бұл күтпеген, қиын-қыстау жағдайларда сізге көмекке келетін жеке, қосымша қор. Сарапшылардың көбі «қосымша» кем дегенде 3-6 айлық артық бюджет қажет екенін айтады. Яғни, табысынан айырылған жағдайда адамның ешқандай кіріссіз кем дегенде алты ай өмір сүруіне жеткілікті жинағы болуы керек.

Ай сайын бюджет жүргіз

Егер барлық табысыңыз күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып, ақша үнемдей алмасаңыз бюджет жүргізіңіз.

Күн сайын барлық шығынды жазып отыр

Осы мақсатта блокнот, Excel электронды кестесін немесе арнайы мобильді қосымшаны пайдалануға болады. Шығындарды күн сайын бірнеше апта немесе ай бойы жазып отыру бюджеттегі негізсіз шығындарды анықтап береді. Бұл – жоюға немесе кем дегенде азайтуға болатын тұрақты шығындар.

Шығындарды жоспарлай баста. 

Жоспар жасаудың бірнеше тәсілі бар. Мысалы, ай сайынғы бюджетті санаттарға бөліп, әр бөлік үшін шектеу қоюға болады. Мәселен, азық-түлікке, ойын-сауыққа, көлікке немесе жанармай құюға және т.б. Келесі әдіс белгілі бір кезеңге, оңтайлы бір аптаға барлық сатып алуға жалпы шектеу қою. 

Ұзақмерзімді жоспар жасап үйрен 

Әрине, азық-түлік сатып алу жоспарын ондаған жылға алдын ала белгілеудің қажеті жоқ. Дегенмен болашақта оқу, саяхат, көлік немесе баспана сатып алу секілді үлкен шығындарға ақша үнемдегіңіз келсе, кіріс және жинақтау жоспарын жасау керек.

Сатып алуға деген көзқарасты өзгерт

Аяқ асты сатып алу деген әдетпен күрес. Егер жоспардан тыс бір нәрсе сатып алғың келсе бір күндей үзіліс жаса, ойлан. Осы уақыт аралығында ол заттың расында қажеті бар жоғын ақылмен саралай аласың. 

Қаржыны инвестицияла

Егер қомақты кіріс қаласаң, инвестицияның әр түрін зерттеу қаржылық сауат деңгейін арттыруға айтарлықтай көмек бола алады.

Мемлекеттің салық шегерімдері мен жеңілдіктерін пайдалан

Салық шегерімдерін медицина, спорт, білім және т.б. шығындар үшін алуға болады. Мемлекеттік жәрдемақыларға немесе жеңілдіктерге құқығыңыз бар-жоғын тексеріңіз.

Несие алғанда абайла

Қатты қажеттілік болмаса артық несие алмауға тырыс. Дағдарыс жағдайында несие жүктемесі жоғары қарыз алушы қиын жағдайда қалуы мүмкін. Бұған жол бермей, несиені уақытында төлеген дұрыс.

Жеке деректеріңе мұқият бол 

Жеке деректеріңді, әсіресе карта деректерін қай сайттарға енгізгеніңді мұқият қадағала. Картаның қауіпсіздігі үшін артқы жағындағы үш нөмірді (CVC немесе CVV коды), банк қосымшаларының құпия сөзі мен кодтарын, PIN кодты немесе картаның жарамдылық мерзімін ашық айтпаңыз немесе оны бейтаныс адамға жібермеңіз. Жалпы, банк картасын әмиянда немесе жабық қалталарда ұстаған жөн. CVC коды көрінбесе, ешқандай қауіп жоқ деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, кей сайттар тек алдыңғы жағында орналасқан деректерді (карта нөмірі, жарамдылық мерзімі және иесінің аты) пайдаланып төлемдер жасауға мүмкіндік береді.

Қаржылық сауат – қаржылық тұрақтылық пен болашаққа сенімділікті қамтамасыз ету үшін дамыту қажет маңызды дағды. Осы жеті ережені ұстану арқылы қаржылық сауат деңгейіңізді арттырып, қаржыны тиімдірек басқаруды үйреніп, жиі кездесетін қателіктерден аулақ бола аласыз.

Қаржылық сауат пен медиа-білім берудің тамаша ресурсы – Qlever платформасы. Qlever қаржы негіздерін ғана емес, бүгінгі өмірдің басқа да маңызды аспектілерін меңгеруге көмектесетін сапалы оқу материалдары мен құралдарын ұсынады. Платформа құбылмалы қазіргі әлемде жастардың білім деңгейін арттыруға және тез бейімделуге көмектеседі.

Дереккөз: https://expobank.ru/blog/kak-povysit-finansovuyu-gramotnost-10-prostykh-pravil/

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.