Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Антивирус

02.03.2022 • 06:42

Антивирус – компьютердегі вирустарды, трояндарды және басқа қажетсіз бағдарламаларды іздейтін бағдарлама. Антивирустың жұмысын сырттан қарасақ, оны да вирус деп есептеуге болады, бірақ ол оң әсер ететіні.

Антивирус желілік трафикті бақылау, порттарды тыңдау, қызметтерді басқару, файлдарды өзгерту және жою, статистиканы жинау және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушіге деректерді жіберу және жеткілікті есептеу қуаты арқылы жұмыс істейді. Түрлі антивирус зиян бағдарламалармен әртүрлі тәсіл арқылы күреседі. Барлық антивирус вирустарды анықтай алады, бірақ, өкінішке қарай, бәрі бірдей тиімді емдей алмайды. Бірде-бір антивирус жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты 100% қорғай алмайды.

Сканерлеу жүйесі арқылы антивирус бағдарламалары құрылғының файл каталогтарындағы ықтимал қауіптерді анықтай алады. Бұл үшін антивирус бағдарламасы өзінің дерекқорына кіріп, сіздің ДК деректерін каталогтағылармен салыстырады. Басты мәселе де осында. Вирусқа қарсы дерекқорда сіздің компьютеріңізге кіруі мүмкін зиян бағдарламаның аналогы болуы керек. Егер ол дерекқорда болмаса, сканер қауіпті анықтай алмайды. Компьютеріңізге вирус жұқтыруын азайту үшін күн сайын дерекқорларды жаңартыңыз.

Өкінішке қарай, антивирус жұмысының көп бөлігі «гигиена талаптарына сай емес» қауіпті, ал кейде интернеттегі жай ғана сауатсыз қолданушы жұмысының, сыртқы деректер тасымалдаушылары мен белгісіз қосымшалардың салдарын жоюға бағытталған.

Мамандардың зерттеуі бойынша антивирустар 1-2 күнде ескіреді. Осыған байланысты вирустардың 15%-і антивирус қорғанысына қарамастан компьютерге оңай енеді. Өйткені хакерлер күн сайын жабдыққа вирус жұқтырудың неғұрлым күрделі әдістерін ойлап табады.

Жыл сайын компьютер вирустары әлем экономикасына $1,5 триллион көлемінде қаржылай зиян келтіреді. Сонымен бірге, вирустар экономиканың жаңа саласын тудырды – жыл сайын антивирус компаниялары антивирустық бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіруден 2 миллиард долларға дейін табыс табады. Күн сайын антивирус бағдарламалары, шамамен, 350 000 вирусты анықтайды.

Дереккөздер:
Безопасность в интернете, доступно здесь http://security.mosmetod.ru/zashchita-ot-virusov/29-printsipy-raboty-antivirusa-chast-2

Safety Detectives, https://www.safetydetectives.com/

Kaspersky, https://www.kaspersky.com/

Geeks for Geeks, https://www.geeksforgeeks.org/interesting-facts-about-computer-viruses/

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.