Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

VPN несімен қауіпті? Таңдау кезінде нені ескеру керек?

25.05.2024 • 09:54

Заманауи цифрлық әлемде вируалды жекеменшік желілер (VPN) интернеттегі құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды құралға айналды. Олар сіздің шынайы IP-мекенжайыңызды жасыруға, деректеріңізді хакерлерден қорғауға және географиялық шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік береді. Алайда VPN-сервистердің барлығы бірдей қауіпсіз емес және ақылы немесе тегін нұсқаларын таңдау онлайн-қауіпсіздігіңізге айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Осы екі нұсқаның қандай қаупі бар екенін қарастырып көрейік. 

Тегін VPN-сервистердің қаупі

Тегін VPN-сервистер ақы төлемеуге мүмкіндік беретінімен тартымды болғанымен, оның кері салдары да болуы мүмкін. 

1. Деректердің таралуы. Тегін нұсқалардың көбі тұтынушылардың деректерін сатып ақша жасайды. CSIRO зерттеуіне сәйкес, тегін VPN- сервистердің 75% тұтынушылар туралы деректерді жинауға арналған әдістерді қолданады. Бұған сайттарға кіру, жеке ақпарат, тіпті, логин мен құписөздер де кіреді. 

2. Деректердің әлсіз қорғалуы. Тегін VPN көбіне шифрлеудің әлсіз әдістерін қолданады немесе трафикті мүлдем шифрлемейді. Бұл сіздің деректерді хакерлер немесе басқа да қаскүнемдер үшін әлсіз етеді.

3. Ресурстардың шектеулігі және өнімділігі. Тегін VPN байланысу жылдамдығын, деректер көлемін және серверлер санын шектеуі мүмкін. Бұл баяу жұмысқа және тұрақсыз байланысқа алып келеді. 

4. Жарнама және зиянды бағдарлама. Кей тегін VPN-сервистер қосымшаларына жарнама модульдерін немесе, тіпті, зиянды бағдарламалар да қосады. Өз кезегінде бұл деректердің ағылуына және құрылғыңыздың зақымдануына алып келеді. Олар сіздің белсенділігіңізді аңдып, жағымсыз бағдарламалар орната алады, тіпті, құрылғыңызды алыстан басқару мүмкіндігіне де ие болуы мүмкін. 

Ақылы VPN артықшылықтары 

Ақылы VPN қауіпсіздікдің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және сіздің интернеттегі қауіпсіздігіңіз бен құпиялылығыңызды айтарлықтай арттырады. Сізге кең ресурсқа қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, деректеріңізді санкцияланбаған әрекеттерден қорғайды. 

VPN таңдағанда нені ескеру керек?

Тегін немесе ақылы  VPN қолданумен байланысты қауіп-қатерлерді азайту үшін мыналарды ескеру керек: 

Құпиялылық саясаты. VPN белсенділік журналын жүргізбейтініне, ашық құпиялылық саясатын ұсынатынына көз жеткізіңіз. 

Шифрлеу әдістері. Шифрлеудің AES-256 сияқты заманауи және сенімді әдістерін қолданатын VPN-сервистерді таңдаңыз. 

Беделі мен тұтынушылар пікірі. Сервистің сенімділігіне көз жеткізу үшін басқа тұтынушылардың пікірлері мен тәуелсіз сарапшылардың рейтингтерін зерттеңіз. 

Кемшіліктерді тексеру. VPN қауіпсіздік аудитін жүргізетініне және кемшіліктерді жойып отыратынына көз жеткізіңіз. 

Серверлердің орналасуы. Тұрақты және жылдам байланысты қамтамасыз ету үшін серверлердің саны мен орналасуына назар аударыңыз. 

VPN қолдану онлайн-қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыра алады, бірақ VPN-дердің бәрі бірдей емес екенін ұмытпау керек. Тегін VPN сіздің құпиялылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Ақылы сервистер көбіне жақсырақ қорғайды, бірақ олардың арасынан да тексерілген және сенімді нұсқаларды мұқият таңдау керек. 

 

Дереккөздер:

·         Тегін  VPN қауіпсіз бе? Тұтынушылар тап болуы мүмкін кері салдары. - https://dzen.ru/a/ZNZhZDhMZC7w5pti

·         Is a free VPN secure? Why is it worth paying for a VPN service? - https://www.f-secure.com/us-en/articles/free-vpn

·         Тегін  VPN қалай жұмыс істейді және олар қаншалықты қауіпсіз? - https://vc.ru/services/787585-kak-rabotayut-besplatnye-vpn-i-naskolko-oni-bezopasny

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.