Әлеуметтік желілерде COVID-19 пандемиясы кезінде жануарларды қорғаушылар мен оларға қарсы тұрғындардың қақтығысы байқалады. Үй жануарлары COVID-19 тасымалдаушысы бола алады деген фейктермен қатар, үй жануарын ұстаушыларда, әсіресе мысық асыраушыларда COVID-19-ға қарсы иммунитет басқаларға қарағанда күштірек деген хабарламалар болды. Бұл фейктердің екеуі де қауіпті.
Біріншісі жануарларға қарсы агрессия тудырады, екіншісі – үй жануарын ұстаушылардың өз қауіпсіздігіне сенімді болып, карантин талаптарын бұзуына әкеп соғуы мүмкін.
Өзбекстанда пандемия басынан бері панасыз жануарлар саны күрт өсті. Оған жануарлардың COVID-19 таралуына қатысы бар деген фейк ықпал етті. Ал Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі үй жануарын қолғаппен сипау керектігі туралы СМС жібере бастағанда, үйсіз жануарлар саны еселене түсті. Кейінірек денсаулық сақтау министрлігінің шенеунігі оның коронавирус пандемиясымен тікелей байланысы жоқтығын айтып, «Хабарлама тарату — жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау жөніндегі ұсыныс» деп түсіндірді. «Коронавирус тарататын табиғи көз – жарқанаттар. Коронавирус тасымалдайтын жарқанаттар түрі біздің аймақта тіршілік етпейді», - деп Алматов өз ұсыныстарын түсіндірді (Жануарларды неге қолғаппен сипау керек?, 2020).*
Дәйексөз алынған көздер:
Жануарларды неге қолғаппен сипау керек? (13 04 2020 ж.). Uza.uz сайтынан алынды: http://uza.uz/ru/society/pochemu-zhivotnykh-rekomenduyut-trogat-v-perchatkakh--13-04-2020
Материал Еуропалық Одақтың қолдауымен BRYCA жобасы аясында әзірленді.