2018 жылы FakeApp деген алғашқы бет-әлпетті өзгертетін бағдарлама пайда болды, ол қарапайым адамға дипфейк-құралдарын ашты. Содан бері мұндай контент жасауға арналған жиынтықтарға қол жеткізу оңай бола бастады, оларды үйрену де жеңіл. Интернеті, бос уақыты, мақсаты мен мотивациясы бар кез келген адам нақты уақытта жалған контент жасай алады және оны әлеуметтік желілерде жариялай алады.
Алғашқы жалған видеороликтер 2017 жылы пайда бола бастады. Бастапқыда көптеген дипфейк-контент жай қызық еді: бұл - көбінесе тегін құралдарды қолдану арқылы жасалып, танымал тұлғаларды порнография жазбаларына біріктірген әуесқой видеофайлдар. Дегенмен жылдар өте технология дамығаны сонша, ол арқылы жасалған материалдар өте сенімді көрінді. Бірде Deepfakes деген лақап атпен Reddit сайтына тіркелген қолданушы ересек фильмдегі актрисаның бет-бейнесін актриса Галь Гадоттың бетімен дәл алмастырды. Осы видео жарияланғаннан кейін дипфейк танымал болып кетті.
IT-аналитиктер Deepfake технологиясы кейінгі онжылдықта цифр саласындағы ең қауіпті факторға айналуы мүмкін екенін айтады. Дипфейк көбейген соң интернетте фотосуреті көп танымал адамдардың беделін түсіретін жағдай саны да артты. Саясат әлемінде Deepfake технологиясы жеке қайраткерлер мен тұтас партияларға қарсы қару ретінде, қоғамның қабылдауын манипуляциялау, сайлауға әсер ету үшін қолданыла алады. Дипфейктің үлкен мысалы ретінде 2018 жылы АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама сол кездегі Америка мемлекетінің қазіргі басшысын "қорлаған" жалған видеоны келтіруге болады. Видеоролик FakeApp және Adobe After Effects арқылы жасалған.
Жоғарыда айтылғандармен қоса, дауысты қолдан жасау технологиялары да бар. Дауыс дипфейктерін киберқылмыскерлер де пайдаланады, мысалы, компания қызметкерлерін рұқсат етілмеген әрекеттерді жасауға көндіру үшін істейді.
Дереккөз: https://www.anti-malware.ru/analytics/Threats_Analysis/Deepfakes-as-a-information-security-threat