Медиа тауралы, әсіресе әлеуметтік желі жайлы айтқанда медиа кеңістігінің қызық екі өкілі туралы айтпай кету мүмкін емес, олар: тролльдер мен боттар.
Көбіне екеуін бір нәрсе деп қалады, тіпті олар бір-біріне қатты ұқсап та кетеді. Дегенмен бұл екеуі екі бөлек түр.
Бот – робот деген осы. Шын адам емес, компьютер бағдарламасы. Жақсы және нашар бағдарламалар, жақсы және нашар боттар бар.
Жақсы ботттардың бірі – мысалы, көңіл көтеруге көмектесетін немесе клиентпен қарым-қатынас орнатуды жылдамдататын чат-боттар. Чат-боттар жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектесіп, уақытты үнемдейді.
Twitter-де қызық цитата мен фото жариялайтын немесе қызық, бірақ мағынасыз сөйлемдерді біріктіретін боттар бар.
Нашар боттар да бар. Интернетте олар өзін шын адам ретінде көрсетіп қолданушының басын қатыруы мүмкін. Мұндай боттарды, мысалы климат өзгерістері немесе сайлау сияқты маңызды дискуссияларға ықпал ету үшін жиі пайдаланады. Болмаса, қандайда бір партияның немесе саясаткердің сұранымын күшейту үшін қолданады.
Бот арқылы басқа қолданушыларға шабуыл жасауға немесе белгілі бір хештегтерді ТОП-қа шығаруға болады. Бұған техникалық мүмкіндіктер бар: код арқылы шексіз бот санын түрлендіріп, олармен контентке ықпал етіледі.
Тролль – онлай қоғамдастықта немесе әлеуметтік желіде жанжал тудыратын немесе тақырыптан тыс хабарламалар жариялау арқылы алаңдату және келіспеушілік тудыру үшін қасақана онлайн қақтығыс тудыратын немесе басқа қолданушыларды ренжітетін адам. Олардың мақсаты – басқаларды эмоционал реакцияға итермелеп, талқылауды бұзу.
Дегенмен троллиң тролльдермен шектелмейді. Олар кейбір хабарламаның күшін арттыру үшін боттарды пайдаланады. Мысалы, өз ойын айтып алып, сол ойды комментарий, лайк арқылы жаппай қолдайтын боттарды қолданады.
Біреудің алауыздық пен өшпенділік бастап, шиеленісті ұлғайтып, нәсілшілдік пиғылын білдіргенін немесе қоғамдағы жеке топтарға шабуыл жасағанын көрсеңіз, оған «троллиңді доғар» деп ашық айта аласыз.
Дереккөз:
ERR.ee сайты: «Боты и тролли» 28.03.2020 Мына жерден алынды: https://rus.err.ee/1070279/boty-i-trolli