Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Бұл флирт па, әлде алымсақтық па?

04.08.2022 • 14:11

Флирт – адамдар арасындағы романтикалық қарым-қатынастың ажырамас бөлігі.

Қырындау  — басқа адамға симпатия немесе қызығушылығын көрсетуге бағытталған, ешқандай міндет жүктемейтін ойнақы әрі жеңіл қарым-қатынас түрі. Әдетте қырындау екі жақ үшін де жайлы болады.Адамдар флирт арқылы бірін-бірі ұнататынын білдіреді. Бұл ретте біз бақытты бола түсеміз, осы диалогта тең партнерлар ретінде сезінеміз әрі бізге бұл жайлы.

Ал екінші адам ұнатпаса, танысуға деген ниет тек бір тараптан болып, ол адам қысым көрсете бастаса, агрессия танытса немесе біздің жеке шекарамызды бұзуға тырысса (адам қаламаса да қол тигізу, сүю, құшақтау, шымшу немесе әдепсіз комментарилер, интим қатынасқа қатысты бір мағыналы емес тұспалдау және тағы басқа), біз өзімізді сондай жаман сезіне бастаймыз. Алымсақтық деген – осы.

Сонымен флирт пен алымсақтықтың айырмасы не?

  • Флирт: қуантады / өзара диалог болады, жағдайды басқара алатыныңды сезесің / өзін-өзі бағалау жақсарады / денеге қол тигізуді өзі қалайды және ол жағымды
  • Алымсақтық: көңіл-күйді түсіреді / сенің тарапыңнан өзара қарым-қатынас болмайды, қысымды сезесің, тіпті дәрменсіздікті сезінуің мүмкін / өзіңді бағалауың бұзылады / қол тигізу ойламаған жерден болады әрі ол жағымсыз әсер қалдырады

Осылайша, тіпті өз сезімдеріңізбен бұл диалогты жалғастырғыңыз келетін-келмейтінін түсіне аласың. Кейде қарым-қатынастың алғашқы сәтінен бастап бұл адамның «біздікі емес» екенін сеземіз – мұның алымсақтық болуы міндетті емес, жай ғана адамдардың мінезі, темпераменті және т.б. сай келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда бірден қоштасқан дұрыс. Кейде негатив кейінірек пайда бола бастайды, мұндай жағдайлда да адаммен араласуды тоқтату керек.

Біздің әрқайсымыздың кіммен сөйлескіміз келетінін, кіммен сөйлескіміз келмейтінін таңдауға құқымыз бар. Демек бізге «келісуге», я «келіспеуге» болады. Сондықтан адамдардың бір-бірінің шекарасын құрметтеу өте маңызды!
 

Бұл түсініктерді ажырату контекстінде Qlever білім беру платформасы алымсақтық тақырыбы туралы ақпараттандыруға құнды ресурс саналатын Stop Harassment ойынын ұсынады. Бұл ойын көңілге тимейтін қырындау мен алымсақтың ара-жігі қай жерде аяқталатынын түсінуге, жағымсыз әрекетті тануға және алымсақтыққа қалай жауап беру керек екенін зерттеуге мүмкіндік береді.

 

Дереккөз:

https://www.psychologies.ru/articles/flirt-ili-domogatelstvo-kak-ne-oshibitsya-i-pomoch-vovremya/

http://burro.cwru.edu/women/harassment/flirting.html

Бұл материал Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен дайындалды. 
Материал мазмұны "БАҚ қолдау орталығы" қорының жуапкершілігінде және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

 

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.