Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Deepfake деген не?

23.06.2021 • 09:32

Біраз уақыт бұрын интернетте дипфейк (deepfake) деп аталатын жаңа құбылыс пайда болды. Бұл - жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, түрлі контенттегі видеоматериалдарға танымал адамдардың бет-әлпеті мен дауысын түсіретін жалған контент. Deepfake дегеніміз не? (Панасенко, 2020)

Deepfake-ті жасанды интеллект жасаушыларға арналған Стэнфорд университеті студенті Ян Гудфеллоу 2014 жылы ойлап тапқан. Бірақ технология тез арада ғалымдардың тар шеңберінен шығып кетті. Қазір ол сәулеттен бастап журналистикаға дейін көпшілікке арналған мәдениетте қолданылады.  (iSpring, 2021)

Deepfake (ағылшын тілінен deep learning - «терең оқыту» және fake - «жалған») - жасанды интеллект арқылы аудио және видеоматериалдарды шынайы манипуляциялау. Бұл технология адамды айтпағанын айтуға және бұрын жасамаған нәрсені жасауға "мәжбүр етеді". Deepfake технологиясы сонау тоқсаныншы жылдардан басталған. Ол кезде мұндай құралдар киноиндустриядағы арнайы эффектілер бойынша мамандарда ғана болған. Кейін технология интернет-қауымдастықта жетілдіріліп, дипфейктер жасауға арналған бағдарламалық жасақтама пайда болды. Кейінгі кезде Deepfake технологиясы қаржы алаяқтықтығында, ұтыс ойындары мен жалған жаңалықтарда қолдыналатындықтан үлкен назар аудартып жатыр.

Deepfake адам бейнесін синтездеу үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады: адамның әртүрлі қырынан және әртүрлі мимикамен түсірілген бірнеше бейнесін біріктіреді және олардан бейне ағынын жасайды. Фотосуреттерді талдау арқылы арнайы алгоритм адамның түрін және қалай қозғалатынын үйренеді. Бұл жағдайда екі нейрон желісі жұмыс істейді. Біріншісі кескіндерді тудырады, екіншісі олардың нақты үлгілерден айырмашылығын табуға жауап береді. Егер екінші нейрон желісі жалған нәрсе анықтаса, кескінді жақсарту үшін біріншісіне жіберіледі.

 

Дереккөз:

iSpring, Б. (29 апрель 2021 г.). Эйнштейн вместо тренера: что такое дипфейк и почему это тренд в обучении.Получено из iSpring: https://www.ispring.ru/elearning-insights/dipfejk

Панасенко, А. (8 апрель 2020 г.). anti-malware. Получено из anti-malware: https://www.anti-malware.ru/analytics/Threats_Analysis/Deepfakes-as-a-information-security-threat

 

 

 

 

 

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.