Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Киберқауіпсіздік деген не?

09.03.2021 • 07:56

Киберқауіпсіздік – бұл қастық ойлаушылардың (хакерлердің) веб-ресурстардағы, желілердегі және бағдарламалық жасақтамадағы қылмыстық әрекетін азайту жөніндегі шаралар жиынтығы [1].

Киберқылмыскерлерді ашкөздік итермелейді және сіздің ақшаңызды бөлісудің жүздеген тәсілі бар [2]. Кей жағдайда қылмыскерлер банк шотыңызды көздейді, ал кейде жеке куәлік дерегін алуға тырысады. Кейбір кезде киберқылмыскер  компьютеріңізді дәл сіздің үйіңізде жүргендей толық пайдалана алады.

Бүгінгі таңда киберқауіпсіздік саласына байланыс желісіне қосылған компьютерден, серверден, көлік құралдарынан бастап тағып жүретін электроникаға (сағат, көзілдірік, білезік), кардиостимулятор сияқты имплантацияланатын медициналық құрылғыларға және тағы басқаларға дейін қорғау жатады[1].

Киберқауіпсіздіктің негізігі түрлері [2]:

Шифрлау – хабарламаңызды немесе файлыңызды бастапқы ақпараттың оқылуына жол бермейтін кодқа айналдыру.

VPN қызметі әртүрлі мақсатта қолданылады, мысалы, желіге қашықтан қол жеткізу үшін, сондай-ақ кибершабуылдан тамаша қорғайды. VPN қызметтері IP-мекенжайыңызды жасырады. Мысалы, сіз үйде болуыңыз мүмкін, ал VPN сіздің IP-мекенжайыңызды америкалық деп жасыра алады.

Аутентификация дегеніміз – сіз өзіңіз екеніңізге көз жеткізетін түпнұсқалықты тексеру. Әдетте тексеру үшін тек құпия сөз қолданылады, бірақ қазір көптеген сервис екі сатылы тексеруді талап етеді.

Антивирус пен брандмауэр – бұл барлық ноутбук және мобайл құрылғыға қажет ең қарапайым қорғаныс. Бұл қорғаныс жүктеу батырмасын бассаңыз да, зиян бағдарламалық жасақтаманы тоқтатуға көмектеседі; қатерді анықтап, оларды дереу өшіреді немесе қауіпсіз қалтаға көшіреді.

Дереккөздер:

1. Киберқауіпсіздік деген не? Хакерлерден қалай қорғану керек? (20.06.2020) Мына жерден алынды: https://datami.ua/ru/chto-takoe-kiberbezopasnost-kak-zashhititsya-ot-hakerov/

2. Киберқауіпсіздік деген не? (01.03.2021) Мына жерден алынды: https://www.dropbox.com/ru/business/resources/cyber-security

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.