Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Сексизм

03.11.2020 • 05:15

Мәселенің тарихы: «Сексизм» термині 20 ғасырда пайда болды. Ол алғаш рет 1965 жылдың 18 қарашасында Франклин және Маршалл (АҚШ) колледжіндегі «Факультеттік студенттік форумда» айтылды. «Сексизм» терминінің авторы Pauline M. Leet еді. Жас қыз «Әйел және Студент/Бакалавр» баяндамасын дайындады. Онда ол қызықты тақырып көтерді: «Сіздер әйелдер жақсы өлең жазбайды деп айтасыздар... Қалай болғанда да, біз әйел ақындардың азын ғана білеміз... Қазір сіздердің нәсілшілдікке ұқсас ұстанымда екендеріңізді айта аламын. Бұл жағдайда Мен сіздерді сексист деп атай аламын. Нәсілшіл де, сексист те шешім қабылдайды және маңызды емес факторларды желеу етіп, біреудің құндылығы туралы қорытынды жасайды». Осылайша біздің күнделікті өмірде «Сексист» сөзі пайда болды. Бұл термин әйелдердің азаттық қозғалысы кезінде танымал болды.

Сексизм туралы көбінесе әйелдердің құқықтары бұзылған кезде айтылады, бірақ ер адамдар да оның құрбаны болуы мүмкін: мысалы, ерлерді ғана әскерге шақырудың да негізі сексизмде жатыр.

Сексизм стереотиптер негізінде туындайды. Ал стереотип жалпылау мен қарадүрсін образға негізделген.

Гендерлік стереотиптер қоғамдағы әйелдер мен ерлердің мінез-құлық нормалары туралы үйреншікті ұғымдарға негізделген. «Ерлер» мен «әйелдер» болып бөліну өте жиі кездеседі. Бұл ретте әлеуметтанушылар мен психологтар мұндай бөлшектенудің дұрыс емес және зиян екенін, мінез-құлық белгілерінің қоршаған орта, мәдениет және жеке тәжірибе ықпалынан қалыптасатынын айтуда. Бірақ «Тек әйелдер үшін» немесе «Тек ер адамдар үшін» деген белгі әлі де бірқатар жалпыадамзаттық қасиеттерге таңылып жүр:  

•    Әйелдердің («жарымес») логикасы ерлер логикасына қарсы шығады
•    Ерлердің күшіне әйелдердің әлсіздігі қарсы қойылған 
•    Эмоцияға берілгіш әйелдер және ақылды ерлер  
•    Пәктік жас әйелге міндет болып жүктеледі
•    Ер адамның ақылы мен әйел даналығы
•    Әйелдердің сөзшеңдігі және ерлердің сөзге сараңдығы
•    Жауапсыздық пен инфантилизм – тек әйелдерге қатысты
•    Әйелдердің жұмбақ болуы мен ерлердің бірбеткейлігі
•    Ерлердің жомарттығы мен әйелдердің пайдакүнемдігі
•    Әйелдердің интригасы мен ерлердің донжуанизмі - стереотиптер дәл осындай қарама-қайшылықтарды барлық әйелдер мен ерлерге таңады, оларды «біз» және «олар» деп бөледі.

«Құрыштай берік», «темірдей төзімді», «арқасүйер», «мүлт кетпейтін қол» деген тіркестерді тізгенде ми автоматты түрде ер адамның бейнесін елестетеді. Ал әлсіздік, нәзіктік, жұмсақтық сынды сипаттамаларды антагонистер әйелдерің әдеттегі қасиеттері деп қабылдайды. Жалпылау мен стереотиптеу адамдарға таңба іліп қоюға әкеледі.  Таңба ілу – әдетте жағымсыз стереотиптің, клишенің, лақап аттың синонимі.

Әдерейл раймемы. Мысалы, әйелдің тіке «жоқ» деуі «астыртын иә» дейтін клише көптеген қауіпті тұжырымдарға жетелейді, соның ішінде әйелдердің не айтқанына мән беру қажет емес және олардың бас тартуы да маңызды емес деген қауіпті ойды тудыруы мүмкін. Мұндай стереотиптен харрасмент немесе қырындау, тиісу пайда болады – жеке өмірге қол сұғып, ыңғайсыздық немесе зардап келтіретін мінез-құлық. Оған ауызша қорлау немесе қорқыту, теріс пиғылмен ескерту айту, дөрекі әзілдер немесе орынсыз хаттар мен қоңыраулар, қорлайтын немесе кемсітетін фотосуреттерді көрсету, үркіту, әдепсіз қылықтар, қажетсіз жанасу, қаққылау, шымшу, ұру, физикалық шабуыл немесе басқа да осындай әрекеттер болуы мүмкін.

Егер сіз мынадай сөз тіркестерін айтсаңыз немесе естіп жүрсеңіз:

«Әйел болсаңыз да, таңқаларлық жақсы жұмыс істейсіз...»
«Керемет ...(әрі қарай дененің кез келген бөлігінің атауы)»
«Менің ... екенім үшін Құдайға рахмет айтуың керек»
«Сіздің денеңіз / киіміңіз / сыртқы келбетіңіз менің ойымды бөледі, алаңдатады»
«Сен қызсың ғой, сен ... болуың керек»
«Бұған тиіспе, тырнағыңды сындырасың! (осы сипаттағы басқа да әзілдер)
«Басшы, хирург, президент, сыншы, сәулетші, ұшқыш, ақын болу… Бұл әйелдердің ісі емес! 

Біле жүріңіз, бұл сексизмнің көрінісі.

 
Дәйексөз алынған көздер:

Ты что, сексист? Тест NM. (2020, February 11). NewsMaker.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.