Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Тролль және тролль фабрикасы деген не?

01.12.2021 • 14:06

Интернет-тролльдер – желіде өз рахаты үшін басқаларды арандатып, ренжіткісі келетін адамдар. Біреудің тролль екенін көрсететін белгілерді қалай анықтап, олармен қалай күресуге болатыны туралы баяндаймыз.

Сіз әйтеуір бір кезде интернетте тролльді кездестірген боларсыз. Интернет-тролль – адамдардан күшті эмоционал жауап алу немесе чатты, комментарилерді немесе форумдағы әңгімелерді басқа бағытқа бұрып, адамдарды талқылау тақырыбынан алыстату үшін интернетте әдейі өрескел, дөрекі немесе ренжітетін мәлімдемелер жасайтын адам. Троллиң әртүрлі формада болуы мүмкін. Көптеген тролль мұны өзінің жан рахаты үшін істейді, бірақ троллиңнің басқа түрлері нақты тапсырмалар үшін қолданылады.

Әдетте, троллиң кез келген адамға емес, олардың қулығына мән беретін, тез ашуланатын адамдар тобына бағытталған. Тролльдерге де керегі сол. Олардың басты міндеті – мүмкіндігінше көп адамды арандату. Троллиң шағын жеке топтық чаттардан бастап ірі әлеуметтік желілерге дейін көптеген онлайн платформада бар. Мұнда онлайн тролльдерді көруге болатын интернеттегі орындар тізімі берілген:

  • Аноним онлайн форумдар, сайттар. VK, Reddit, Telegram және басқа да аноним сайттар, хабарлама тақталары сияқты орындар, соңғысы онлайн тролльдердің негізгі сол жерден қозғалмайтын орны болып тұр. Оның кім екенін анықтау мүмкін болмағандықтан, тролльдер салдарын ойламай аса арандататын материалдар жариялай алады. Форумның немесе сайттың модерациясы әлсіз немесе белсенді емес болса, ондай материалдардың жариялана беретіні анық.
  • Twitter: Twitter де аноним болуы мүмкін және ол интернет-тролльдердің ұясына айналды. Туиттердегі троллиңнің жалпы әдістеріне танымал хэштегтерді пайдалану және жазылушылардың назарын аудару үшін Twitter-дегі танымал адамдарды белгілеу жатады.
  • Комментарий бөлімдері. YouTube және жаңалықтар сайты сияқты орындардағы комментарий бөлімдері де тролльдер үшін танымал аймақтарға жатады. Мұнда көптеген айқын троллиңді табуға болады және олар жиі ашулы оқырмандардан немесе көрермендерден көптеген жауап алады.

Бірнеше жыл бұрын интернетте «тролль фабрикасы» ұғымы пайда болды – ақша үшін өз клиенттерінің имиджі мен кейпін қалыптастыратын адамдардан тұратын ұйымдасқан топ. Әдетте, «тролль фабрикасы» – көбінесе саяси ақпараттық соғыстар болатын PR науқанының бөлігі.

Жалған аккаунттардан «тролль фабрикасы» күн сайын қажет посттарға лайк басып, әртүрлі БАҚ-тың мақаласы берілген сілтемелер астына ондаған мақтау сөз жазады және жағымсыз пікірлерді қаралайды. Әдетте, жалған аккаунттардың белгілі бір ерекшелігі бар: профиль жақында ғана ашылған болады, жеке фотосуреттер мен өзі туралы ақпарат жоқтың қасы, қолданушы парақшасында досы мен өз посттары өте аз.

Әдетте, тролльдер ірі саяси оқиғалар қарсаңында ерекше белсенді болып кетеді.

2021 жылғы 1 қарашада Facebook (FB) Никарагуадағы FB мен Instagram-да жалған аккаунттарды пайдаланған «тролль фабрикасының» жабылғанын хабарлады. FB «тролль фабрикасына» Никарагуа үкіметі мен билеуші ​​партия демеушілік еткенін мәлімдеді.

Open Democracy Қырғызстандағы «тролль фабрикасы» туралы айтып, фейк аккаунтты мысалға келтірді.

Фейк парақшаның мысалы – Талайгүл Өмірәлиева. Профильдегі фото мен мұқаба 2020 жылғы 22 қазанда жүктелген. Фото Ресей-2018 II Вице-мисі Наталья Строевадан ұрланған. Дереккөз:https://www.facebook.com/profile.php?id=100057033244525.

 

Дерeккөздер:

https://1gai.ru/publ/524264-chto-takoe-internet-troll-i-kak-obraschatsja-s-trolljami.html

https://www.opendemocracy.net/ru/fabriki-trollei-v-kyrgyzstane/

https://www.kommersant.ru/doc/5061903

https://openmedia.io/infometer/fabrika-trollej-vymyshlennaya-struktura-chto-glava-xoldinga-novostej-prigozhina-rasskazal-v-pervom-intervyu/

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.