Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Өшпенділік тіліне НЕ жатпайды?

24.09.2020 • 10:51

Кейде өшпенділік тілін анықтау қиынға соғады, өйткені агрессивті болып көрінетін нәрселер әрдайым өшпенділік тілі бола бермейді. Және керісінше – зиянсыз, бір қарағанда әзіл болып көрінген нәрсе нағыз өшпенділік тілі болады.

Мәселен, Facebook-те «Жастар порталы» тобындағы Наманган (Өзбекстан) тұрғынының әйелі мен ұлын балтамен ұрып, өзін өртеп жібергені туралы екі пікірді қарастырайық.

«Өзің қылғынып өлсең өл, отбасың мен балаларыңда не бар… Жаһаннамда өртен, жауыз…» - бұл пікірде ұрысу мен қарғыс болса да, өшпенділік тілі болып саналмайды. Өйткені бұл сөздер нақты бір адамға бағытталған жәненақтыі бір әрекетті сипаттайды. Бұл пікір жеке адамды қорлау ретінде қарастырылады.

Ал мына екінші пікірді қараңыздар: «Облыстағылар тағы қуанатын болды, күн сайын бір жаңалық». Бұл пікірде агрессивті ештеңе жоқ сияқты, бірақ мұнда автор «облыстық» адамдар тобын көрсетіп отыр және теріс контекстті ескере отырып, бұл топты жағымсыз етіп сипаттап отыр, сәйкесінше мұны хейтспичке жатқызуға болады.

Зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты «Өзі кінәлі» деген танымал пікір де – өшпенділік тілінің бір көрінісі, өйткені бұл зорлық-зомбылықты ақтап алу болып саналады. Мысалы, Уят.уз тобындағы бір жазбада ұлттық гвардияшылардың Сурхандария (Өзбекстан) тұрғынын маска тақпағаны үшін тұншықтыруға тырысқаны жазылды. «Өзі кінәлі» - зорлық-зомбылық құрбаны бұл жағдайға өзі кінәлі бола алмайды, өйткені құқықтық қоғамда зорлық-зомбылықты еш себеппен ақтауға болмайды.

Article 19 халықаралық құқық қорғау ұйымының пікірінше, білім беру мен ағарту – өшпенділік тілімен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі.

Дереккөздер:

Facebook community, «Жастар порталы» ашық тобы, сілтеме бойынша қолжетімді https://m.facebook.com/portalmolodeji/ 

Facebook community, «Уят.уз» ашық тобы, сілтеме бойынша қолжетімді https://www.facebook.com/groups/480920865932066/?fref=nf

Article 19, 2015. «Өшпенділік тілін түсіндіру»: Практикалық оқу құралы, сілтеме бойынша қолжетімді https://www.article19.org/wp-content/uploads/2015/12/A19_Hate-Speech-Report-2018_Russian.pdf

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.