Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Кликбейт. Бұл не және оны қалай тануға болады?

04.01.2021 • 10:45

Кликбейт бұл ағылшынша «clickbait» click «шерту» + bait «жем» дегеннен шыққан. Басқаша айтқанда, бұл – сіз тышқанмен басу керек өзінше бір жем. Мақсаты онлайн-жарнамадан, әсіресе ақпараттың сапасы немесе сенімділігі есебінен табыс табу («Кликбейт», 2020) болып саналатын веб-сайттағы ақпаратты осылай қорлап атайды. Кейде мақсат жарнамадан түсетін табыс емес, бірақ мәні сол баяғы: кликбейт жасаушы олардың контентіне басуыңызды қалайды.

Кликбейт - бұл суреттердің назарын аударатын СЕНСАЦИЯЛЫҚ және АЙҒАЙЛАҒАН тақырыптар (Гордовский, 2019). Тақырып мәні ол апаратын жаңалық немесе өнім мазмұнына сәйкес келуі міндетті емес. Мұндай тақырыптар қызығушылығымызды оятып, сілтемеге өтуге мәжбүр ету үшін ақпаратты әдейі аяқсыз қалдырады. Көбіне көңіліңіз қалатынын біліңіз – сілтеме сізге күмәнді тауарға, одан да жаманы – вирусқа промо-науқан ашады.
Кликбейт материалдарының тақырыбы мен қысқаша сипаттамасында көбіне дағдылы фразалар пайда болады. Төмендегі кестеде әдеттегі мысалдар келтірілген (Яндекс.Дзен, б. д.; Dr.WEB, б. д.):

Ең танымал тақырыптар: саясат, танымал адамдар, олардың жалған аурулары, жалған өлім, жеке өмірдегі келеңсіздіктер, болжамдар, жаңа супергаджеттер, сиқырлы таблеткалар және басқалар (Гордовский, 2019).
Сырттай кликбейтті мынадай ерекшеліктері бойынша ажыратуға болады (Гордовский, 2019):

• Мәтін адам асығыс жазғандай және ақпаратты бөлісуге асыққандай әсер қалдырады - үтірлер немесе сөйлемнің ең қызық жерінде үзіліп қалатын бос орындар; 
• Таңғалдыратын контентті қолдану;
• Танымал мемдерді қолдану;
• Жебе, шеңбер, тақырыпты немесе суреттегі нәрсені дөңгелектеп сызу; 
• Коронавирус, атақты адамдардың үйлену тойы және т.б. сияқты қазіргі кездегі танымал тақырыптарды пайдалану;
• Фразеологизмдерді, мақалдарды, мәтелдерді және белгілі цитаталарды қолдану.

Кликбейт жаман ба? Көбінесе иә, жаман. Кликбейт тақырыптары мен суреттері біздің эмоцияларымызға манипуляция жасайды, уақытымызды құртады және бізді адастырады. Ең қауіпсіз стратегия – оларға мүлдем баспау. Төмендегі викторинада біз кәдімгі тақырыптар арасынан табуға болатын кликбейт мысалдарын іріктедік.

Дереккөздер:
Гордовский, Д. (2019, август 17). Что такое кликбейт и стоит ли его использовать. Calltouch.Блог. https://blog.calltouch.ru/chto-takoe-klikbejt-i-stoit-li-ego-ispolzovat/
Кликбейт. (2020). В Википедия. https://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D1%82&oldid=109019737
Яндекс.Дзен. (б. д.). Кликбейт—Яндекс.Дзен. Справка [Concept]. Яндекс Справка. Извлечено 28 декабрь 2020 г., от https://yandex.ru/support/zen/requirements/clickbait.html
Dr.WEB. (б. д.). ПоКЛИКаем. «Антивирусная правДА!» Извлечено 28 декабрь 2020 г., от https://www.drweb.ru/pravda?number=1089&lng=ru

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.