Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Киберқауіпсіздік. Қатер түрлері

15.03.2021 • 07:05

Кибершабуыл мақсаты – әдетте, құпия ақпаратқа қол жеткізу, оны өзгерту немесе жою, қолданушыдан ақша талап ету немесе қалыпты бизнес-процесті бұзу.

Бүгінде тиімді киберқауіпсіздік шараларын жүзеге асыру өте қиын, өйткені құрылғылар саны адамнан көп, ал хакерлер шабуыл жасаудың күрделі әдістерін қолданады.

Кибершабуыл мамандары қатердің мынадай түрлерімен күреседі:

  • Фишинг – бұл сенімді адресат хабарламаларына ұқсас жалған электрон поштасы хабарларын жіберу. Мұндай алаяқтық мақсаты – несие карталары нөмірі мен есептікке алу дерегі сияқты құпия ақпаратты ұрлау. [1] Мұндай қауіптен персоналдарға мінез-құлық ережелерін оқытып, зиян электрон хаттарды бұғаттау арқылы қорғануға болады.
  • Ақша бопсалаушы вирустар – алаяқтар ақша талап ететін киберқауіптің бір түрі. Қолданушы алаяққа ақша аудармас бұрын файлдар мен ақпараттық жүйеге кіре алмай қалады. Дегенмен төлемді төлеу файлдарға немесе жүйелерге кіруді қалпына келтіруге кепілдік бермейді. [2]
  • Зиян бағдарламалық жасақтама – бұл компьютерге рұқсатсыз кіруге немесе зиян келтіруге мүмкіндік беру үшін жасалған бағдарлама. [1]
  •  Әлеуметтік инженерия – бұл шабуылдаушылар қолданушыны алдап, оларға құпия ақпаратты аштыру үшін қолданатын тактика. Олар төлем сұрай алады немесе құпия деректерге қол жеткізе алады. Әлеуметтік инженерия әдістері бұған дейін айтылған кез келген түрмен бірге қолданушыны сілтемені басуға, зиян бағдарламаны жүктеуге немесе зиян дереккөзге сенуге мәжбүр ету үшін пайдаланылады. [3]

 

Дереккөздер:

  1. Cisco.com «Киберқауіпсіздік деген не?»https://www.cisco.com/c/ru_ru/products/security/what-is-cybersecurity.html#~how-cybersecurity-works
  2. DATAMI “Киберқауіпсіздік және қатер түрлері ” (1.07.2020) https://datami.ua/ru/kiberbezopasnost-i-tipy-ugroz/
  3. VK-дағы қоғамдастықтар “Цифрлық ғасырдағы киберқауіпсіздік” (23. 05.2019) https://vk.com/@infotechno-tipy-ugroz-v-kiberbezopasnosti

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.