Детальдарға мән бер: суретті жасанды интеллект жасағанын қалай анықтауға болады?
14.03.2024 • 03:48Әлеуметтік желілерден Midjourney сияқты арнайы бағдарламалар көмегімен жасалған суреттерді жиі кездестіруге болады. Олардың кейбірі шынайы фотоға ұқсайтыны сонша, сеніп қалу оп-оңай. Мысалы, АҚШ президенті Дональд Трампты Нью-Йорк көшелерінде қамауға алып жатқан, Рим папасы Францисктің ақ сырт киіммен қыдырып, ел назарында жүрген суреті бар. Бұл цифрлық суреттер күннен-күнге жақсарып, шынайы фотоға ұқсап бара жатыр.
Бұған дейінгі мақалаларда нейрожелі суреттерін анықтаудың бірнеше жолын айтқан едік ( «Фотофейк деген не және оны қалай ажыратуға болады?», «Google Images және/немесе TinEye жүйелерін фейк фотоларды тексеру үшін қалай қолдануға болады?» деген мақалаларды қара). Бұл мақалада суреттің шынайы немесе жалған екенін анықтауға көмектесетін құпияны бөліскіміз келеді.
Суретті жасанды интеллект жасағанын білу үшін оған мұқият қарап, ұсақ детальдарға мән беру керек. Мысалы, адамның қолдарына қараңыз. ЖИ бағдарламаларының бәрі адамның қолын керемет жасай алмайды, сондықтан қолда бес саусақтың барына, контурының тегіс екеніне мән беріңіз. Суретте біреу бір затты ұстап тұрса, оның да шынайы көрінетініне назар аударыңыз. Өзіңіз тура сондай жағдайда затты ұстап тұра алар ма едіңіз немесе құлатып аласыз ба?
Сонымен қатар адамның көздеріне, әсіресе, бар болса, көзілдірігіне мән беріңіз. Кейде ЖИ көзілдірікті дұрыс сала алмағандықтан, оның кей жерлері жоғалып кетіп жатады. Линзаның көлеңкесі бар-жоғына, екі көздің түсі бірдей екеніне, ешқандай «аномалия» жоғына көз жеткізіңіз. Кейде жасанды интеллект өнімін ұсақ детальдар арқылы анықтауға болады.
Егер суретте адамның бет-әлпеті табиғи көрінсе, бұл жақсы белгі, десе де, суретті жасанды интеллект салған жоқ деп толық сенімді болуға болмайды.
Адамның құлақтарына, тістеріне, шашына, терісіне, сақал-мұртына назар аударыңыз. Құлағы ерсі көріне ме? Симметриялық емес пе? Текстурасы ерекше ме? Соларды тексеріп көріңіз. Тістердің формасы дұрыс болмауы мүмкін немесе табиғи көрінбеуі мүмкін. Шаштар қылқаламмен салынғандай болса, оның пішіні қас формасына сай келмеуі де ғажап емес. Осы ұсақ детальдардың бәрі ЖИ жасаған суретті анықтауға көмектесе алады.
Кейде ЖИ суретінің фоны бұлыңғыр болады, әсіресе, онда жазу болса, оның орнына анық емес каракулдар пайда болуы мүмкін.
Адамды әртүрлі жолмен алдауға болады, бірақ олардың ең бірінші мақсаты біздің санамызға емес, сезімімізге әсер ету.
Жасанды интеллект сервистері үнемі жетілдіріліп отыратынын, фотоны генерациялау қиын екенін, тіпті, үнемі мүмкін бола бермейтінін де есте сақтаған жөн. Егер ЖИ жасаған және шынайы фотоларды ажыратуды үйренгіңіз келсе, сізге which faces real сервисі көмектесе алады.
Дереккөз: https://msavod.uz/