Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Дезинформация әлде мизинформация?

30.07.2020 • 06:35

Дезинформация (жалған ақпарат) — бұл әдейі дайындап, әдейі тарататын жалған ақпарат. Коронавирус пандемиясына байланысты Whatsapp-та көптеген тексерілмеген ақпарат тарап жатыр. Мәселен, тікұшақпен қалаларды дезинфекциялау туралы хабарламалар Орталық Азияның барлық елдерінде белсенді түрде таратылды, бұл – үлкен дүрбелең тудыру үшін әдейі жасалған дезинформацияның мысалы.

Ал егер кездейсоқ пайдаланушылар хабарламаға сеніп, оны туыстарымен бөліссе, бұл – мизинформация (жаңсақ ақпарат). Мизинформация (ағылш. misinformation) — бұл да жалған ақпарат, бірақ онда жаңылыстыру, дүрбелең тудыру т.б. мақсаты болмайды.

Дезинформация (жалған ақпарат) оп-оңай мизинформацияға (жаңсақ ақпарат) айнала алады (Factcheck.kz, 2019).

Көбінесе дағдарыстық жағдайлар жалған ақпараттың пайда болуына ықпал етеді. Осылайша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, коронавирус эпидемиясы «инфодемиямен» қатар жүрді (WHO, 2020). Яғни, шынайы және жалған ақпараттың ауқымды көлемінен ненің өтірік, ненің шын екенін анықтау қиын. Мәселен Еуропалық Одақтың Стратегиялық коммуникациялар және ақпаратты талдау бөлімінің есебінде көрсетілген коронавируспен байланысты жалған ақпараттың ең жарқын мысалдарын алайық (EEAS SCIAD, 2020). Әсіресе коронавирустың Қытай, АҚШ, Ұлыбритания немесе Ресей (ЕО мен НАТО-ны жою үшін) қолданатын биологиялық қару екенін; эпидемияның мигранттардан туындағанын немесе коронавирустың алдау екенін айтатын фейктер танымал. Әрдайым ақпаратты тексеріңіздер!

Пайдаланылған дереккөздер:

EEAS Strategic Communications and Information Analysis Division, 2020. EEAS Special report update: short assessment of narratives and disinformation around the COVID-19/Coronavirus Pandemic (Updated 2-22 April). 2020 ж. 28 шілдеде алынды 

https://euvsdisinfo.eu/eeas-special-report-update-2-22-april/ 

Factcheck.kz, 2019. Фактчекер сөздігі, 2020 ж. 28 шілдеде алынды  https://factcheck.kz/glavnoe/slovar-faktchekera/

World Health Organization. (‎2020)‎. Infodemic management: a key component of the COVID-19 global response. Weekly Epidemiological Record, 95 (‎16)‎, 145 - 148

Материал Еуропалық Одақтың қолдауымен BRYCA жобасы аясында әзірленді.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.