Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Дипфейки пен копирайт

07.07.2021 • 18:20

Дипфейк көбеюі көптеген мәселе тудырды, соның ішінде зияткерлік құқық бұзушылық және жекедеректерді қорғау бар. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы дипфейктерге байланысты мынадайнегізгі мәселелерді анықтады: (i) дипфейк зияткерлік меншік (ЗМ) саналатын деректерді қолданса, онда дипфейктерге ЗМ құқығы кімге тиесілі; (ii) дипфейк жасауда түрі немесе дауысы қолданылатынадамға сыйақы беріле ме?

Дипфейкке қатысты негізгі проблема дипфейктерді жасаушыларға да, оларды жою процедурасына даәсер ететін заңнаманың және тәжірибенің жоқ екені. Дауыс дипфейктері ең үлкен проблема саналады. Өйткені адамның есімі коммерциялық бренд ретінде тіркелмесе, адамның дауысына әлемнің кез келгенелінде меншік құқығы берілмейді. Бірақ бәрі де оңай емес. Мысалы, 2020 жылы YouTube-тегі Vocal Synthesis каналы Американың рэп жұлдызы Jay-Z-дің қолдан жасалған бірнеше мәтінді «оқығанын» жариялады. Дегенмен Jay-Z-дің концерт компаниясы видеоны алып тастауды талап етті. Олардыңойынша, музыканттың дауысына ұқсату заңсыз қолданылған. Төрт бейненің екеуі ғана жойылды. Алынған дыбыс өнімі рэпердің ешқандай әніне қатысы жоқ екені анықталды.

Мысалы, телефон пранкерлері жасайтын дауыс ұқсастығы құқық бұзушылыққа жатпайды. Бәрі әзілдіңмазмұнына және фейк дауыс қолданудың зардабына байланысты, ол қылмыстық жауапкершіліккетартылуы мүмкін. Мысалы, 2019 жылдың наурыз айында Ұлыбританияда белгісіз біреулер британ энергетикалық компаниясының атқарушы директоры дауысын қолданып, қызметкерге 220 000 еуроныүшінші тұлғаға аударуды тапсырған. Ал ақша алаяқтарға аударылды. Тергеушілер күдіктілерді солкүйі анықтай алмады.

 

Дереккөздер:

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы, 2019. WIPO Conversation on Intellectual Property (IP) and Artificial Intelligence (AI), мына жерден оқуға болады:  https://www.wipo.int/export/sites/www/about-ip/en/artificial_intelligence/call_for_comments/pdf/ind_lacasa.pdf  

РБК, Дипфейки: как трансформируется авторское право на контент, https://trends.rbc.ru/trends/industry/5fc688fe9a79473e6ff9b82a

Institute for Internet and the Just Society, 19 January 2021, Legal Issues of Deepfakes by Betül Çolak, доступно здесь https://www.internetjustsociety.org/legal-issues-of-deepfakes 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.