Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Дүниежүзіндегі фактчекинг

04.12.2020 • 09:06

Дүниежүзінде фактчекингінің 304 ресурсы бар. Былтырдан бастап мұндай сайттар саны 100-ден астам ұйымға өсті (Duke Reporters' Lab, 13 қазан, 2020 жыл). Бұл Reporters' Lab фактчекинг ұйымдар мониторингін бастаған 2014 жылмен салыстырғанда екі еседен де көп.

Фактчекинг ұйымдар мен ресурстардың ең көбі Еуропада (85) және Азияда (82) орналасқан. Сарапшылар мұндай өсуді әлеуметтік наразылықтармен (мысалы, Чилидегі), сайлаумен (АҚШ) және әрине, коронавирус пандемиясымен байланыстырады. Есепке сәйкес, әр фактчекинг ұйым 2020 жылдың басынан бастап денсаулық сақтау бойынша репортерлар тобына (health reporters) айналды. Коронавирус тақырыбы туралы хабар таратуда күшті үйлестіру үшін Халықаралық фактілерді тексеру желісі #CoronaVirusFacts Alliance тобын құрды. Бүгінге дейін мәліметтер базасында 70-тен астам елден, 40 тілде шығарылған COVID-19 фейктерінің 9000-нан астам мысалдары бар. Facebook, WhatsApp, Google және YouTube сияқты ірі цифрлық платформалар фактчекерлерге жалған ақпаратпен күресу үшін мониторинг пен зерттеу нәтижелерін таратуға көмектеседі.

 

Көптеген жыл бойы фактілерді кәсіби түрде тексеріп жүрген мамандар (Africa Check, Chequeado және Full Fact сияқты ірі ұйымдардың негізін қалаушылар), фактчекингімен айналысатын ұйымдар халыққа түзетілген және тексерілген ақпарат беріп қана қоймай, сенімді ақпарат көздерін анықтап, адамдар жалған және адастыратын мәлімдемелерді өздері анықтауына көмектесетін мектептер мен басқа да білім беру платформаларымен жұмыс істеуі керек деп санайды. Бірнеше рет жүргізілген зерттеу, фактілерді тексеру қоғамға, тіпті ұсынылған фактілер олар ұстанатын сенімдерге қайшы келсе де, кейбір мәлімдемеге деген көзқарасын қайта қарауға көмектеседі. Сыни тұрғыдан ойлау осылай пайда болады.

 

Мысалы, Ұлыбританиядағы Full Fact ұйымы деректерді адамдардың қолы жететіндей және түсінікті етіп жеткізу үшін Ұлттық статистика қызметімен бірге жұмыс істейді. Аргентинада Chequeado фактілерді тексеру ұйымы жастардың елдегі алғашқы сыни ойлау және жаңалықтар сауаты машығын арттыру  бағдарламасын іске қосты. Фактчекинг тиімді болуы үшін халықтың сенімді ақпаратқа қол жеткізуін жақсарту қажет.

 

Ең бастысы, факчекинг тек кәсіпқойлар айналысатын нәрсе емес. Фактчекинг – медиа-ақпарат сауаты (МАС) компоненті және қажет «ХХІ ғасыр машығы». Сондықтан, 2 сәуірде аталып өтілетін Халықаралық фактчекер күні сіздің де күніңіз болуы мүмкін!

Дереккөздер:

Duke Reporters' Lab, October 2020, мына сілтемеге өтіңіз: https://reporterslab.org/tag/fact-checking-census/

Factcheck.org, Misinformation directory, July 2017, мына сілтемеге өтіңіз: https://www.factcheck.org/2017/07/websites-post-fake-satirical-stories/

Дүниежүзі сайттарын тексеруге арналған сайттары бар үнемі жаңартылатын карта: https://reporterslab.org/fact-checking/.

Дүниежүзіндегі коронавирус туралы фейк деректер базасы мына жерде:  https://www.poynter.org/coronavirusfactsalliance/

Factcheck.kz, жалған ақпаратпен күресте фактчек қалай жеңе алады, қазан, 2019, сілтеме мына жерде: https://factcheck.kz/metodika-fch/kak-faktchek-pozvolyaet-vyigrat-v-borbe-s-dezinformaciej/.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.