Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Фото мен видеоға фактчек жасау

25.12.2020 • 08:42

Суреттің жалған екенін анықтау оңай деп ойлайсыз ба? Суреттің жалған екенін білсеңіз, оның несі қате екенін айтып бере аласыз ба?

Әрине, көпшілігіміз жалған суреттің несі дұрыс емесін айтып бере алмаймыз.

Бастамас бұрын, әуелі ненің жалған екенін қаншалықты анықтай алатыныңызды білейік? Шағын тест.

Фейк жаңалықтар – бұл ушығып келе жатқан проблема, бірақ мұндай визуал әсерді анықтау тіпті қиын. Бұл вирус болып таралған көк-алтын түсті көйлек сияқты, біздің миымызға көзімізбен анық көрмей тұрған зат туралы бірдеңе деу қиын.

Фотосуреттер мен видеолардың шынайылығын тексеруге, олардан мүмкіндігінше көп дерек «тартып алуға» және қосымша ақпаратты көбірек табуға болатын бірнеше онлайн құрал бар.

Google Search by Image — суретті кері іздеу функциясы, фотосуретті осы жерге жүктеп оның бастапқы дереккөзін табуға, тағы қай жерде жарияланғанын көруге болады. Amnesty International-дің тағы бір пайдалы құралы Youtube Data Viewer де қажетке жарайды, ол өзі видеодан жеке кадрлар жасайды да фотосуретті Google Image Search-тен іздейді. TinEye – кері іздеудің тағы бір құралы.Findexif.com — бұл фотосуретті жүктеуге болатын немесе оған сілтеме бере алатын тегін сервис. Бұл EXIF ​​деректерін анықтайды (фотосурет қашан түсірілгенін, қандай құрылғы түсіргенін, сурет параметрлерін, кейбір фотосуреттің түсірілім орнын да анықтауға болады). Foto Forensics — бұл редакциялау кезінде фотоға «салынған суреттер» немесе енгізілген аймақтарды таба алатын веб-сайт. Өңдеуден кейін бағдарлама редакцияланған фрагменттер басқалардан ерекшеленетін фотосурет шығарады.

Видеоға фактчекинг жасау фейк суретті анықтауға ұқсайды, қадамдары бірдей, тек құралдары өзгеше.

1-қадам.  Авторын немесе түпнұсқа дереккөзін белгілеңіз. Google немесе басқа қызметтер арқылы фотосуретті кері  іздеуді іске қосыңыз.  

2-қадам. Ақпаратты тарататын адамды тексеру керек. Бұл туралы көбірек ақпарат жинауға арналған әртүрлі ресурс бар. Олардың көпшілігі Америка Құрама Штаттары тұрғындары үшін жасалғанымен, басқа елдер үшін де пайдалы болатындары бар. Мысалы, Pipl.com, WebMii, Рунетте people.yandex.ruқызметін пайдалануға болады.

3-қадам. Фотосуретті тексерудің келесі кезеңі фотосурет түсірілген жерді, күнді және уақытты растау болуы керек. Google Maps немесе Wikimapia локациялар туралы білуге көмектеседі.

 

Пайдаланылған дереккөздер:

Factcheck.kz, 2017 ж. «Нұсқаулық: Фейк видеоны қалай табуға болады?» https://factcheck.kz/metodika-fch/instrukciya-kak-uznat-fejkovoe-li-video-ili-net/

Stopfake.org  2020 ж. «Суреттің қаншалықты жалған екенін тексеруге арналған 3 онлайн-құрал” https://www.stopfake.org/ru/13-onlajn-instrumentov-dlya-proverki-podlinnosti-fotografij/

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.