Сөзсіз, күн сайын достарыңыз бен жақындарыңыз жіберетін кей ақпараттың фейк боп шығатынын еститін шығарсыз. Мұндай бағалауға сену қажет пе және барлық хабарламалар арасынан ненің жалған екенін қалай білуге болады? Талдап көрейік.
Фейк немесе жалған ақпаратқа қарама-қайшы ұғым «факт» деп аталады. Факт дегеніміз – нақты оқиға, құбылыс, оның болғанын ашық көздер арқылы тексеруге болады (Ли, 2019).
Фактілердің дұрыстығын тексеру фактчекинг деп аталады ( факт + чек, ағылшын тіліндегі «тексеру» сөзі). Фактчекинг әдістері арқылы танымал тұлғалардың мәлімдемелерін, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мәтін, фото және видео форматындағы резонансты пайымдарды тексеруге болады. Фактчекинг әдістері тек қана нақты деректерге арналған, мұнда пікірлерді немесе болжамдарды тексеру мүмкін емес (Ли, 2019).
Әлемде фактілерді тексеру бойынша 291 ресурс тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай сайттар саны 26% көбейді және олардың саны артып келеді (Duke Reporters' Lab, 2020).
Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы – FactCheck.kz 2017 жылы Қазақстанда іске қосылды (Factcheck.kz, 2017). Ол – Халықаралық фактчекинг желісінің (IFCN) мүшесі. Жақында Қырғызстанда Factcheck.kg және Тәжікстанда Factcheck.tj ресурстары құрылды. Барлық үш ұйым серіктестікте жұмыс істейді және аймақтың ақпараттық кеңістігінде фейктің таралуымен белсенді күресіп келеді.
Біздің BRYCA жобамыздың тағы бір негізгі мақсаттарының бірі – шалғайдағы аймақтардан келген жастардың сыни ойлауы мен медиасауатын арттыру жұмыстары арқылы жалған ақпарат пен өшпенділік тіліне қарсы тұру екенін түсінген боларсыз. Біз медиакеңістіктегі ауқымды ақпарат ағынын жеңіл ұғынуға көмектесеміз – бұл оңай болмаса да, айтарлықтай қызықты. Бізбен бірге болыңыздарJ
Пайдаланылған дереккөздер:
Duke Reporters' Lab (2020, 3 сәуір). 2020 ж. 27 шілдеде «Reporterslab.org» веб-сайтынан алдынды: https://reporterslab.org/fact-checking/
Factcheck.kz (2017). 2020 ж. 10 мамырда «Factcheck.kz» веб-сайтынан алынды:
Ли, В. (2019, 7 сәуір). Фактчекер сөздігі. 2020 ж. 10 мамырда «Factcheck.kz» веб-сайтынан алынды: https://factcheck.kz/glavnoe/slovar-faktchekera/
Материал Еуропалық Одақтың қолдауымен BRYCA жобасы аясында әзірленді.