Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

«Үйде» мәтінге фактчекинг жасау және тексеру

23.12.2020 • 13:58

Бұрын журналистер жиналған ақпаратты жарияламас бұрын оны фактчекинг арқылы тексеріп алған. Жалған немесе дұрыс емес ақпаратты анықтау үшін бірқатар әрекет пен құрал қолдану қажет.

Тексерілетін оқиға мен ақпарат саны өскендіктен енді бұл толық тексеруге уақыттың болмауына байланысты ақпаратты жай ғана тексеруге көбірек ұқсайды. Тексеру үстірт жұмысты білдіреді, ал бұл ақпаратты бастапқы тексеру үшін қажет.

Ақпаратты қалай тексеруге болады? Сенімді тәсіл — мәтінді мұқият оқып, әр фактінің бар-жоғын білу.

Фактчекинг құралдары көмектесе алады, бірақ бұл — қажырлы еңбекті қажет ететін процесс. Ол жоғары біліктілікті талап етеді және қарапайым қолданушыға сәйкес келмейді. Мәтінді талдау үшін фактчекерлер арнайы қосымшаларды қолданады, бастапқы дереккөздерге және ресми мекемелерге сұраныс жібереді және ашық деректерді пайдаланады.

Дегенмен жалған ақпаратты күрделі манипуляцияларға жүгірмей анықтауға болатын бірнеше кеңес бар:

  1. Жаңалық қай ресурсқа жарияланғанына назар аударыңыз. Жаңалық жарияланған аккаунт немесе сайт сізге таныс болуы керек. Бұл көшірме емес, сайттың өзі екеніне көз жеткізіңіз.
  2. Мақаланың қандай дереккөздері бар екенін анықтаңыз. Егер оның бір-біріне тәуелсіз бірнеше дереккөзі болса, онда жақсы. Бұл қате ықтималын және қауесетті шындық ретінде таратуға тырысуды азайтады.
  3. Эмоциялар мен дереккөзге және оның құзыретіне қатысты жеке көзқарасыңызды араластырып алмаңыз. Актер адамгершілік тұрғысынан жазалау әдісі ретінде электр креслоларына қарсы болуы мүмкін, бірақ бұл ақпарат жүктемесін көтермейді.
  4. Комментарий берушілердің пікірі орынды болып, олар не болып жатқанынан хабардар болуы керек. Адамдар өздері білетін және жақсы тәжірибесі бар салаларда ғана сарапшы болуы керек. Мысалы, сатушыға дәрігер орнына емдеу әдістерін ұсынуына жол берілмейді.
  5. Энергия неғұрлым көп жұмсалған болса, соғұрлым жақсы. Өсек  авторлары ақпарат сапасы мен оны ұсыну жолына мән бермейді. Олардың еңбегі ұзаққа созылмайды. Мақала иллюстрациялармен, фактілермен және комментарий берушілер пікірімен, схемалармен және графиктермен болса, бұл – адалдық пен сапа көрсеткіші.
  6. Бүкіл мақаланың мәнін тақырып бойынша бағалауды қойыңыз. Тақырыптар оларға басу үшін ойлап табылады.
  7. Өзіңізді тыңдаңыз. Сол немесе басқа ақпарат өміріңіз бен жұмысыңызға қаншалықта керек екенін өзіңізден сұраңыз.
  8. Өзіңіз толық оқып шықпаған мәтінді таратумен айналыспаңыз. Репост жасасаңыз, онда тақырып ішіндегілерге қатысты көзқарасыңызды көрсетіңіз, оны фактілермен бекітіңіз. 

Қарапайым кеңестерді басшылыққа алыңыз және ақпаратқа сеніп, оны бөліспес бұрын, әуелі оны қайта-қайта тексеріп алыңыз.

 

Дереккөз: https://maff.io/factchecking_i_verifikaciya_informacii/

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.