Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азиядағы фактчекинг ұйымдары

09.12.2020 • 05:20

АҚШ президенті Рональд Рейган 1981 жылы көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің бірінде ағаштар ауаны автомобильдерге қарағанда төрт есе көп ластайды деп мәлімдеді. Оны жұрт жаппай мазақтап шықты, ал ғалымдар оның сөздерін тексеріп, пікірін жоққа шығарды (Погодина, 2020).

Фактчекинг осыдан басталды. 2000 жылдардың басында Америка Құрама Штаттарында PolitiFact, Factcheck.org және The Washington Post газеті жанынан Fact Checker сияқты бірнеше фактчек жобасы пайда болды. Кейінірек саясаткерлердің мәлімдемесі мен фактілерді тексеру үрдісі бүкіл әлемге тарады (Погодина, 2020).

Орта Азия елдері де бұл үрдістен шет қалмады. Орталық Азияда FactCheck.kz алғашқы фактчек ресурсі 2017 жылы Қазақстанда іске қосылды (factcheck.kz, 2017). Ол – Халықаралық фактілерді тексеру желісінің (IFCN) мүшесі. Мысалы, Factcheck.kz тілшілері президент сайлауы кезінде учаскеден табылған «сиясы жоғалып кететін» қалам туралы жазып, бот желілерін зерттеді. Пандемия кезінде Factcheck.kz бүкіл әлемдегі фактчекерлермен бірге әртүрлі қастандық теориясын қосқанда 4 мыңға жуық фейктерді жойды. (Погодина, 2020)

Көп ұзамай Қырғызстанда Factcheck.kg ресурсы құрылды (factcheck.kg, 2020). Бірінші фактчек платформасы 2018 жылы іске қосылды, бұл Facebook парақшасы еді. Factcheck.kg сайтының Bellingcat жобасымен бірге жүргізген ең атышулы тергеулерінің бірі Қырғызстан кеден қызметі бастығының бұрынғы орынбасары әйеліне қатысты болды (Баймұратова, 2019).

2018 жылдан бастап Factcheck.tj ресурсы Тәжікстанда медиа сауатын дамыту бойынша жұмыс істейді. Жоба Тәжікстанның ақпарат кеңістігінде жалған жаңалықтардың таралуына қарсы іс-қимылға фактчекинг институтын құру және дамыту арқылы көмектесуге бағытталған. Оған қоса, сайттан сыни ойлауды дамыту үшін фактчекинг, тестілер және логикалық ойындар сабағын табуға болады (BRYCACentralAsia, 2020). Үш ұйым да серіктестікте жұмыс істейді және аймақтың ақпарат кеңістігінде фейктердің таралуымен белсенді күресіп жүр.

 

Сілтемелер:

(б.д.). Мына жерден алынды: https://www.facebook.com/factcheck.kg

BRYCACentralAsia, Р. (18 шілде, 2020 ж.). @BRYCACentralAsia. FaceBook желісінен алынды: https://www.facebook.com/BRYCACentralAsia/posts/168249988149116

factcheck.kg, Р. (29 ақпан, 2020 ж.). https://factcheck.kg/. Factcheck.kg сайтынан алынды: https://factcheck.kg/category/about/

factcheck.kz. (11 мамыр 2017 ж.). https://factcheck.kz/. Https://factcheck.kz/ сайтынан алынды: https://factcheck.kz/glavnoe/startoval-pervyj-faktcheking-resurs-v-centralnoj-azii/

Баймұратова, К. (17 желтоқсан 2019 ж.). kloop.kg. Https://kloop.kg/ сайтынан алынды: https://kloop.kg/blog/2019/12/17/prosto-fakty-skolko-stoyat-lyuksovye-chasy-brendovye-sumki-i-odezhda-zheny-matraimova/

Погодина, А. (12 тамыз 2020 ж.). https://www.codastory.com/. Https://www.codastory.com/ сайтынан алынды: https://www.codastory.com/ru/disinfo/factcheckers-freedom/

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.