Алдыңғы мақалада біз жеке шекараны бұзу (харассмент) мен сексуал алымсақтық ұғымдары туралы айттық. ЕО елдеріндегі сексуал алымсақтық анықтамасы Еуропа Кеңесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру туралы конвенциясында [1] да бекітілген (2011): «Сексуал алымсақтық – адамның қалауынсыз ауызша, ауызша емес немесе физикалық мінез-құлықтың кез келген түрі. Оның мақсаты – адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіру немесе сондай салдар жасау. Оған қорқыту, жау болу, ар-намысын қорлау, тіл тигізу және агрессив жағдайлар жасау жатады» [2].
Өкінішке қарай, Орталық Азия елдерінің заңнамасында «харассмент» термині жоқ. Заң мұндай бұзушылықтарды реттемейді және алымсақтық жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту да қарастырылмаған. Көбінесе мұндай әрекеттер «ұсақ бұзақылық» ретінде тіркеліп, Әкімшілік кодекс арқылы реттеледі [3].
Сексуал алымсақтықтың бірнеше түрі бар:
- ауызша – сексуал сипаттағы комментрилер, сексуал қалжыңдар, адамды кемсітетін ескертулер,
- ауызша емес – сексуал суреттер, жыныс мүшесінің жалаңаш фотосуреттері, ишарасы бар графикалық комментарилер, тіл тигізетін дыбыстар, ысқыру және әдепсіз ым-ишара,
- физикалық – денеге, шашқа, киімге қол тигізу, шамадан тыс жақындау және интим кеңістігіне басып кіру [4].
Сонымен қатар, ауызша емес сексуал алымсақтыққа жататындардың бірі – киберхарассмент. Бұл – әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тіл тигізу, адам қаламаса да қоймай хат жазу, адамға жақпайтын қоңыраулар. Онлайн алымсақтық көбінесе елеусіз нәрсе ретінде қабылданады, бірақ бұл адамдар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін [5].
Киберхарассментке және онлайндағы қаламайтын әрекеттерге мыналар жатады:
- доксинг — адамның рұқсатынсыз оның құжаттары мен жеке деректерін жариялау;
- кибербуллинг және троллинг — әлеуметтік желілерде, чаттарда, электрон поштада немесе ондағы орынсыз қорлайтын комментарилерде жүретін қудалау;
- сталкинг – мысалы, геолокация бойынша адамның тұратын жерін оның бұдан хабары болмайтындай анықтау үшін ізіне түсу;
- онлайн алымсақтық;
- порно кек алу және секс қорқыту — интимдік цифрлық материалды жариялау немесе жариялаймын деп қорқыту [6].
Дереккөз:
- https://www.coe.int/fr/web/conventions/full-list/-/conventions/rms/090000168008482e
- https://knife.media/harassment-likbez/
- https://cabar.asia/ru/chto-takoe-harassment-i-kak-za-eto-nakazyvayut-v-tsentralnoj-azii
- https://vidsebe.media/cards/90129/chto-takoe-seksualnoe-domogatelstvo-i-kak-ego-presekat
- https://glasnaya.media/2022/03/18/vypusk-35-kiberharassment-pochemu-eto-serezno-i-kak-ot-nego-zashhititsya/
- https://te-st.ru/2021/10/28/cyber-harassment/
Бұл материал Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен дайындалды.
Материал мазмұны MediaNet-тің жуапкершілігінде және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.