Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Желідегі фото. Медиада жариялауға тыйым салынатын нәрселер

09.06.2021 • 12:29

Барлық фотосуретті желіге ойланбастан жариялай берсеңіз, онда желіде бұғатталып, алаяқтар құрбанына айналу немесе жауапқа тартылу қаупі бар. 

Желіде мыналар үшін бұғаттап, жауапқа тартуы мүмкін:  

1.   Әлеуметтік желідегі ашық парақшаларда өзіңіздің де, өзгенің де баласының фотосын жарияламаңыз. Біріншіден, баланы суретке түсіру үшін, оны тағы желіде жариялау үшін баланың ата-анасынан немесе қамқоршысынан (18 жасқа толмаса) рұқсат алу керек. Екіншіден, интернеттен ештеңе өшпейді, бірнеше жылдан кейін бала ашық дереккөздегі суретін көргенде аса бір қуанбауы да мүмкін. Үшіншіден, ақпаратты киберқылмыскерлер пайдаланып кетуі мүмкін.

2.   Кәмелетке толмағандар қылмысына күдіктілердің фотосын жарияламаңыз. Мұнда да сол принцип - кәмелетке толмағандардың фотосуретін қорғаншылары рұқсатынсыз жариялай алмайсыз. Бұл ереже құқық қорғау органдарына да қатысты. Кәмелетке толмағандардың суретін жариялауға ешкімнің құқы жоқ.

3.   Экстремист немесе террорист тізіміне енген тыйым салынған ұйымдар белгісі бар фотосуреттерді жарияламаңыз. Бұл тыйым салынған ұйымдар идеяларын насихаттау деп қабылдануы мүмкін. Оған қоса, бір елде тыйым салынбаған ұйым басқа елде тыйым салынған ұйымдар тізімінде болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Мұндай жағдай сирек, бірақ ондай кездеседі.

4.   Зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көріністері немесе фрагменттері бар фотосурет жарияламаңыз.

5. Порнография жариялауға болмайды.

Қауіпсіздік және этика нормасы тұрғысынан желіге қандай фотоларды жариялау қауіпті?

 1. Ұшаққа отырғызу талондары фотосында штрих-код, рейс нөмірі және адамның фамилиясы бар. Бұл ақпаратты арам ниеттілер пайдалануы мүмкін. Олар билет иесінің жеке кабинетіне кіріп, тым болмағанда билетті жоюы мүмкін.

2. Концерттер мен басқа да іс-шараларға кіру билеттері фотосы. Кадрда штрих-код көрініп қалса, арам ниетті адам фотошопты пайдаланып, билетті басып шығарып, оны сізден бұрын қолдана алады.

3. Саяхаттағы немесе іссапардағы фотосуреттер үй тонаушыларға белгі болуы мүмкін.

4. Қымбат гаджет суреттері де ұрыларға белгі бола алады. Қарапайымдырақ болыңыз.

5. Өзіңіздің де, басқалардың да банк картасы суретін жарияламаңыз. Бұл ақпаратты алаяқтар пайдалануы мүмкін.

6. Төлқұжаттар, ID-карталар, жүргізуші куәлігі немесе визалар сияқты құжаттардың фотосын салмаңыз. Бұл ақпарат жеке мәлімет саналады, оны алаяқтар пайдалана алады.

7. Заманауи технологиялар фотоға қарап кілт жасауға мүмкіндік береді, сондықтан өзіңіздің және басқалардың кілтінің суретін жарияламаңыз. Егер адам 6-пунктті сақтамаса, оның қай жерде тұратынын, үйде қай уақытттарда болмайтынын біліп алу қиын емес.

8. Сауық кешінде түсірілген фотоны жарияласаңыз, оның сол кештегі кейбір адамның беделін түсіруі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

 

Дереккөздер:

https://te-st.ru/2018/09/11/photo-and-law/

https://mmdc.ru/services/pravila-publikatsii-informatsii-o-detyakh/

https://www.kaspersky.ru/resource-center/threats/children-photos-and-online-safety

https://jrnlst.ru/children-law

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.