1988 жылы Adobe Photoshop бағдарламасының алғашқы легі шыққалы фотоқұжаттарды қолдан жасау анағұрлым жеңілдеді.
Бұрын суреттерді өңдеу қиын болатын әрі даулы фотофейктерді жасау үшін фотографтар көптеген экспозиция жасап, арнайы сурет салып жататын. Ал қазір кәсіби маман болмаса да, кез келген адам Photoshop немесе жасанды интеллект құралдарын [1] қолдана алады.
Кейінгі кездері интернетте Midjourney көмегімен жасалған фотофейктер көбейіп кетті. Олардың арасында Moncler немесе Balenciaga киімін киген Рим папасы Францисктің, қамауға алынған бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың суреттері кең тараған еді.
Суретті нейрожелі жасағанын қалай анықтауға болады?
1: Google немесе Yandex Images жүйелерінен түпнұсқа мен балама деректер іздеңіз.
2: Соған ұқсас фото табуға тырысыңыз. Әдетте, фотографтар бір ісшарадан бірнеше кадр жасайды. Күмәнді суретті гуглға салыңыз да, мақалалар емес, соған ұқсас суреттер іздеңіз.
3: Қателер табыңыз. Midjourney мен DALL-E нұсқалары сапалы өнім жасайтынымен, оның өзін шынайы фотомен салыстыруға келмейді. Мұқият қарасаңыз, жасанды интеллект жасаған фотолардың көбінде дефект болады. Нақтырақ айтсақ, фейк фотода адамның саусақтары қисық немесе тістері тым көп болуы мүмкін.
4: Көзге оғаш көрінетін жарқылдарға назар аударыңыз. Жасанды интеллект фотоларының шынайы емес жарқылы немесе «қисық көлеңкесі» болуы мүмкін. Бұл бір қарағанда мультфильмнің фильтрлерін қолданғандай көрінеді.
5: Мәтінге назар аударыңыз. Нейрожелі алгоритмдері жақсы дамығанына қарамастан, оның өзі фотодағы мәтінде толық түрлендіре алмай жатады [2].
QLEVER жүйесімен бірге болып, фотофейктер мен оларды анықтау жолдары туралы толығырақ ақпарат алыңыз.
Дереккөздер:
1. Тим Скоренко (08.05.2023) «Тарихтағы ең даулы 5 фото-фейк
https://www.techinsider.ru/weapon/239642-5-samykh-znamenitykh-otfotoshoplennyk h-snimkov-v-istorii/
2. Никита Лактюшин (10.04.2023) https://hi-tech.mail.ru/news/62816-kak-otlichit-ii-izobrazhenie-ot-nastoyaschego-instr ukciya/