Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Алымсақтыққа қайдан кез болуың мүмкін?

27.07.2022 • 06:19

Алымсақтық деген не?
Алымсақтық – жеке шекараңды бұзу. Ол дене (адам қаламаса да қол тигізу, сүю, құшақтау, шымшу) немесе ауызша (әдепсіз комментарилер, интим жақындыққа қатысты бір мағыналы емес тұспалдау және тағы басқа) болуы мүмкін. Бұған кэтколлиң да кіреді. Бұл – әйелдің соңынан интим сипаттағы әдетте, оның сыртқы келбеті, фигурасы, киіну тәсілі туралы жасалатын дөрекі ескертулер. Кэтколлиңнің бір мысалы – өтіп бара жатқан әйелге ысқыру.

Алымсақтыққа барлық жерде кез болуға болады. Мысалы, Қырғызстанда жақында жүргізілген зерттеу әйелдердің 23%-і жұмыста және 21,9%-і университетте осындай жағдайға тап болатынын көрсетті.

Жақында Өзбекстанда автобустарда біреуден алымсақтық көрген жағдайда полиция шақыру үшін басатын түймелер орнатылды. Ал Тәжікстанда жақында көшеде әйелге алымсақтық көрсеткен ер адамға алғаш рет айыппұл салынды.

Алымсақтықты кафелерден және түрлі ойын-сауық орнынан, сондай-ақ әлеуметтік желілерден көруге болады. Технология дамыған сайын, алымсақтық көрсетуге болатын байланыс құралдары мен платформалар көбейіп жатыр.

Киберсталкинг деген не?

Киберталкиң немесе кибералымсақтық – бұл интернетті адамды аңду, алымсақтық жасау немесе қорқыту үшін пайдалану. Киберсталкерлер адамды әлеуметтік желілер арқылы аңдып, оларға қорқытатын хабарламалар жіберіп келеке етіп, тіпті поштасын бұзып, жәбірленушінің контактілерімен (онда достарың, туыстарың және әріптестерің болуы мүмкін) байланысуы мүмкін. Киберталкерлер жалған фотосуреттер жасап, қауесет таратып, жалған айыптаулар тағуы мүмкін. Есіңде болсын, танитын адам да, бейтаныс та киберталкер бола алады.

Сонымен, алымсақтықты көбіне мына жерлерден көруге болады:

  • көшеде
  • кафеде және ойын-сауық орындарында
  • мектепте немесе оқуда
  • қоғамдық көлікте
  • әлеуметтік желілерде, интернетте

Бұл тақырыппен толығырақ танысып, алымсақтықты ажыратуды үйренгіңіз келсе, біздің платформада Stop Harassment білім беру викторинасы бар. Бұл сізге жеке шекараны анықтауды және алымсақтыққа қарсы тұруды үйренуге көмектеседі.

 

Дереккөз:

https://cabar.asia/ru/seksualnye-domogatelstva-v-kyrgyzstane-beznakazannost-i-osuzhdenie-zhertv-infografika

https://www.gazeta.uz/ru/2021/11/26/frotteurism/

https://www.currenttime.tv/a/tajikistantsa-oshtrafovali-za-domogatelstvo/30755156.html

https://www.kaspersky.ru/resource-center/threats/how-to-avoid-cyberstalking

Бұл материал Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен дайындалды. 
Материал мазмұны "БАҚ қолдау орталығы" қорының жуапкершілігінде және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.