Ге́ндер (ағылш. gender, лат. genus «түр») — адамның қоғамдағы мінез-құлқын және бұл мінез-құлықтың қалай қабылданатынын анықтайтын әлеуметтік жыныс.
Бұл жыныспен бірдей түсінік емес (әйелдер мен ерлердің биологиялық ерекшеліктері).
Жыныс (әлеуметтік жыныс) кең мағынада жеке адамның биологиялық жынысымен, оның тәрбиеленген жынысымен немесе оның төлқұжаттағы жынысымен сай келуі міндетті емес.
1958 жылы Калифорния университетінде (Лос-Анджелес, АҚШ) жұмыс істеген психоаналитик Роберт Столлер ғылымға «гендер» терминін енгізді (жынысқа жатқызудың әлеуметтік көрінісі немесе «әлеуметтік жыныс»). Ол 1963 жылы Стокгольмде өткен психоаналитиктер конгресінде өзін әлеуметтік жынысқа (гендерлік) жатқызу туралы баяндама жасады. Р.Столлердің жынысқа қатысты мәселелерді зерттеуде биологиялық және мәдени компоненттерді ажырату туралы ұсынысы қазіргі гуманитарлық білім саласындағы ерекше бағыт – гендерлік зерттеулердің қалыптасуына серпін берді.
Гендер теңсіздігі – бұл адамды жыныс немесе гендер сипаттары бойынша кемсіту. Нәтижесінде, әдетте бір жыныс немесе гендер басқасынан артықшылыққа немесе басымдыққа ие болады.
Гендер теңдігі – адамның негізгі құқығы және бұл құқық жынысына байланысты кемсіту арқылы бұзылады.
Гендер бойынша кемсітуге адам құқықтары жөніндегі барлық дерлік келісім арқылы тыйым салынған. Бұған ерлер мен әйелдердің тең гендер құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық заңдар кіреді. Оған қоса, әйелдер құқығының халықаралық заң жобасы ретінде қарастырылған Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы конвенция сияқты әйелдер құқықтарын жүзеге асыруға арналған заңдар кіреді.
Дереккөз:
1. StudFile; “Гендер” https://studfile.net/preview/1714381/
2. Save the Children; “Gender Discrimination: Inequality Starts in Childhood” https://www.savethechildren.org
Бұл материал Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен дайындалды.
Материал мазмұны "Гурдофарид" ЖШҚ-ның жуапкершілігінде және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.