Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Еңбек нарығындағы гендер теңсіздігі

13.08.2022 • 10:39

ГЕНДЕР ТЕҢСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІН әлемнің ешбір елі толық шешкен жоқ: әйелдер әлем халқының 49,6%-іне тең, бірақ олардың әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі - 37% қана. Соңғы көрсеткіш аймаққа қарай өзгереді: Үндістандағы 17%-тен Қытайдағы, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы 41%-ке дейін.

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖҰМЫС КҮНІ ерлерге қарағанда қысқа: бүкіл әлем бойынша орта есеппен олар ер адамдарға кететін жұмыс уақытының 80%-ін істейді. Сонымен қатар, әйелдер өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында істейді. Демек экономиканың өнімділігі төмен салаларында әлдеқайда көп еңбек етеді.

ӘЙЕЛДЕР ЕРКЕКТЕРГЕ КАРАҒАНДА ақы төленбейтін жұмыстармен (балалар мен қарт туыстарын күтеді, үй шаруашылығын істейді) айналысады. Әлемде оларға осы жұмыс түрінің шамамен 75%-і тиеді. Осы «көрінбейтін» жұмысқа ең төменгі жалақы төленеді деп елестетсек, шамамен он триллион долларға тең сома шығады. Бұл –әлемдік ЖІӨ-нің 13%-і.

ӘЙЕЛ АҚЫ ТӨЛЕНБЕЙТІН ЖҰМЫСТЫ көбірек істеген сайын, оның ақылы жұмысқа уақыты азаяды. Демек елдің жалпы ішкі өніміне көмектесу мүмкіндігі  азаятыны түсінікті. Сонымен қатар, зерттеулер ер адамдар ақысыз жұмысқа көбірек тартылса, олардың еңбек нарығындағы жағдайы нашарламайтынын көрсетті.

ƏЛСІЗ ЖƏНЕ ДАМУЫШЫ елдердегі əйелдер күн көру үшін жұмыс істейді. Ал жағдайы реттелген соң олар ақша үшін жұмыс істеудің орнына үйімен, отбасымен айналысуға, яғни ақысыз жұмыс істеуге кіріседі. Экономикасы дамыған елдерде әйелдер еңбек нарығына көбірек араласады, бірақ мұнысы қаржылық тәуелсіздікті қалағандықтан ғана.

ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАЛАҚЫ АЛШАҚТЫҒЫ бір де бір елде толық жойылған жоқ. Ол сан алуан фактор арқылы түсіндіріледі: білімінің, тәжірибенің (ерлер, орташа есеппен, еңбек нарығында ұзағырақ болады), сала мен кәсіпті таңдау және атқаратын лауазымдарындағы айырмашылық.

ТЕҢСІЗДІК басшылық лауазымдардағы әйелдердің ерлерге қарағанда аз болуынан да байқалады. Ал жоғары деңгейдегі алшақтық жалпы нарықтағыдан екі есе көп.

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ де әсерлі гендерлік алшақтығы бар: кәсіпкерлердің 20-25%-ы ғана – әйелдер. Ғалымдардың пайымдауынша, мұның себептерінің бірі әйелдердің несие алуға мүмкіндігі аз екені: олардың ерлерге қарағанда табысы аз, солайша кепіл ретінде пайдалануға болатын активтері де аз. Мұның бәрі несие берушілер мен инвесторлардың пікіріне ықпал етеді.

 

Дереккөз:

https://www.wonderzine.com/wonderzine/opportunities/glass-ceiling/247497-gender-inequality-in-economics

 

Бұл материал Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен дайындалды. 
Материал мазмұны «Заманауи журналистиканы дамыту орталығы» қоғамдық қорының жуапкершілігінде және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.