Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Медиа және ақпараттық сауат саласындағы оқытудың ойын әдісі

23.03.2022 • 11:10

Медиа және ақпараттық сауат (МАС) саласында оқытудың ойын әдісі қарқын алып жатыр. Ойындар оқу процесін ынталандырады, ойынға қызықтырады және МАС саласындағы әртүрлі дағдыны қалыптастырады. Мұндай ойындар фейк ақпаратты анықтауды, фейк жасаушы ролінде болуды немесе жалған ақпаратты жоққа шығаруды ұсынады.

Америкалық Game Lab университеті және Байланыс мектебі әзірлеушілері Factitious ойынын 2017 жылы іске қосты, ойын бірден танымал болды. Ойыншыға оның алдында тұрған мақала жалған немесе шынайы екенін анықтау ұсынылады. Ойында ақпарат көзінің дұрыстығы мен сенімділігіне баса назар аударылады. Ал iCivics ойыны сайлауалды технологияларын түсінуге және үміткердің біліктілігі, тәжірибесі, сайлауалды бағдарламасының негізділігі мен шынайылығы және т.б. негізінде саналы түрде таңдау жасауға көмектеседі. Бұл – популизм дәуіріндегі өте пайдалы ресурс!\

Голландиялық Droog компаниясы Кембридж университетінің әлеуметтік мінез-құлық зерттеушілерімен бірлесіп жасаған Got Bad News керісінше әдісті қолданады. Қолданушыларға фейк жасаушылар орнында болып, барынша көп жазылушы алу үшін, медиа кеңістік пен қоғамның мінез-құлқына әсер ету үшін фейкті қалай таратуды ойластыру ұсынылады. Ойын насихаттың не екенін және оның практикада қалай жүзеге асатынын түсінуге көмектесетін 6 түрлі тактикалық техниканы егжей-тегжейлі талдайды.

BBC iReporter ойынында сіз материал шығаратын, оның шынайылығын тексеретін; қоғам реакциясын бағалайтын, тарату әдістерін есептейтін және әртүрлі жалған ақпарат көзі шабуылдарына тойтарыс беретін кәсіби журналист боласыз. Өзіңіздің фактчекер дағдыларыңызды Fakey, Interland: Reality River, Newsfeed Defenders сияқты ойындарда тексере аласыз.

Troll Factory Get Bad News ойынына ұқсайды: ойын жалған ақпараттың әлеуметтік медиаға қалай біріктірілгенін және белгілі бір контент тарататынын көрсетеді. Өзіңізді жағдайды күшейту, қорқыныш және біржақты көзқарас пен үгіт-насихат тарату арқылы әлеуметтік медиаға әсер етуге тырысатын кәсіби тролльмын деп елестетіп көріңіз.

 

МАС саласындағы ойындардың сілтемесі:

Factitious - http://factitious.augamestudio.com/#/

iCivics - https://www.icivics.org/games

Get Bad News - https://www.getbadnews.com/#intro

Troll Factory - https://trollfactory.yle.fi/

BBC iReporter - https://www.bbc.co.uk/.../idt-8760dd58-84f9-4c98-ade2...

Fakey - https://fakey.iuni.iu.edu//

Internet Awesome - https://beinternetawesome.withgoogle.com/.../reality-river

Newsfeed Defenders - https://www.factcheck.org/newsfeed-defenders/

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.