Алдыңғы мақалада ақпараттық гигиена ұғымы және сақталуға тиіс принциптер туралы айттық. Сонымен біз жаңа ақпаратты үздіксіз дерлік қабылдайтынымызды білеміз, олар қауіпсіз және қауіпті, пайдалы және пайдасыз болуы мүмкін. Ақпараттың үлкен көлемі ақпараттық шу тудырады.
Таныстарыңыздың, достарыңыздың белсенді талқылап жатқан тақырыбы мәніне аса бара бермейтінін байқайтын шығарсыз. Олар бұл мәселе бойынша көп нәрсе білетінін айтады, бірақ, неге екені белгісіз, әңгіме кезінде тек үстірт білім сезіледі, кейде тіпті білімнің үзік-үзік екені байқалады. Мұның бәрі ақпараттың сүзілмеген ағыны кезінде алынған деректердің әсері. Сол алынған мәлімет пайдасы деректер көлеміне тікелей пропорционал түрде азаятын ақпараттық шудың әсері.
? Шу дереккөздері мыналар болуы мүмкін:
- Телевизия
- Интернет
- Радио
- Газет
- Жарнама
Жағымсыз ақпараттың аса көп болуы тым көп қажетсіз тағам сияқты. Көптеген адам күнделікті жаңалықтарды қадағалайды, ал жағымсыз жаңалықтар барлық тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралында да, мемлекеттігінде де таралады. Бұл күйзеліске ұшыратып, алаңдаушылық пен үрей тудыруы мүмкін.
Ал ақпараттық шумен қалай күресуге болады?
- Жаңалықты азайтып, кітапты көбейтеміз
Сассекс университеті ғалымдары кітапты 6 минут оқығанның өзі күйзеліс деңгейін 68%-ке төмендететінін айтады.
- Жаңалықты таңғы асқа дейін және кешкі астан соң оқымаңыз
Өзіңіз үшін ақпараттық шудан аз да болсын босайтын аралық жасаңыз. Бұл тынышталып, демалдырады және одан да маңызды нәрселерге мән беруге көмектеседі.
- Жаңалықтарды смартфоннан оқымауға тырысыңыз
Үлкен экранды пайдалану тәртіпке келтіреді, өйткені оны қалтаға салып ап, қалаған уағыңызда қарай алмайсыз ?.
- Жаңалықтарды аптасына бір рет оқыңыз
Бұл уаққа дейін ең үлкен фейктер әшкере болып қояды. Солайша, қалған 6 күніңіз ақпараттық шумнан ада болады!
- Жергілікті жаңалыққа көбірек назар аударыңыз
Олар Перудегі жер сілкінісі туралы хабараламаға немесе Нидерландыдағы сайлауға қарағанда өміріңізге көбірек ықпал етеді.
- Жаңалықтарды бұғаттайтындарды пайдаланыңыз
Бұл Free Adblocker Browser, Adblock Fast және тағы басқасы болуы мүмкін.
- Әлеуметтік желіде жазылған адамдарыңызды сүзгіден өткізіңіз
Шынымен де маңызды әрі пайдалы білім беретіндерін ғана қалдырыңыз.
- Оқуды кейінге қалдыру практикасын қолданыңыз
Қызық мақала немесе видеоны көрсеңіз, оны бірден қарауға отырмаңыз. Оларды бетбелгіге қосып, кейін бәрін бірге қараңыз. Сізге қызық әрі маңызды көрінгеннің көбісі бірнеше күннен соң ешқандай эмоция тудырмайтынын түсініп таңғаласыз.
Осы қарапайым ережелерді ұстану күнделікті өміріңіздің көбірек үйлесімді және позитивті болуына жәрдемдеседі. Іске сәт!
Дереккөз: