Коронавирус пандемиясын бастан өткерген қазіргі әлем қауесеттер мен жалған ақпараттың жаңа толқынына ұшырап, онлайн өмір салтына жаппай көшіп жатыр. Біз жаңа ақпаратты минут сайын дерлік үздіксіз қабылдаймыз және өзіміз ақпарат көзіне жиі айналамыз, бізге маңызды немесе шынайы болып көрінетін нәрсені таратамыз. Жалған ақпарат көзіне айналмауға және қажетсіз ақпараттан өзіңді қорғауға ақпараттық гигиенаның қарапайым ережелері көмектеседі.
Ақпараттық гигиена деген не?
Бұл термин ақпараттық технологиялардың дамып, адамдар әртүрлі жаңалық ағынына шексіз қол жеткізе алған соң қолданысқа енді. Дүние күрделі, көп қырлы және онда бізге әділетсіз немесе қайғылы болып көрінетін көптеген нәрсе бар. Біз соған сәйкес реакция беруге бейімбіз. Эмоциялар адамның мотиві мен әрекетін анықтайтыны белгілі.
«Біздің психикамыз жағымсыз ақпаратты қауіп ретінде қабылдайды, одан өзін қорғау үшін болып жатқан нәрсені бақылауға деген ұмтылыс пайда болады. Бірақ басқа адамдарға қатысты және сізден әжептәуір қашықтықта болған нәрсені қалай тежеуге болады? Ми жаңалықтарды оқып, көре беру керек деп шешеді, өйткені бұл әрекет басқару иллюзиясын қалыптастырады. Шын мәнінде, бұл шығатын жол таба алмай жатқан күйзеліс реакциясын күшейтеді»
— wonderzine.com
Кез келген жаңалық пен оқиғаға байсалды реакция жасау, ақпараттың дұрыстығын тексеру және цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау – мұның бәрі ақпараттық гигиена туралы.
Осыған қарап отырып жеке ақпараттық гигиена принциптерін тұжырымдауға болады.
- Барлық ақпаратты әуелі қаупті және қауіпсіз деп бөліп аламыз.
- Қауіпті (агрессия, зорлық-зомбылыққа, соғысқа, диетаның әртүрлі түріне, ББҚ (БАД), тексерілмеген дәрілер қолдануға шақыру және т.б.)
- Ары қарай пайдалы және пайдасыз ақпарат кетеді.
- Пайдалы: а) дәл қазір қажет ақпарат (шкафты жинағандай), және б) болашақта керек ақпарат
- Пайдасыз ақпарат дегеніміз – ешнәрсе үйретпейтін, тек уақыт жейтін созылған сериалдар, өсек және бір актердың/актрисаның қалай арықтағаны туралы әңгімелер.
- Ең бастысы, ақпарат сапасына назар аудару керек.
Әр адам игілікке пайдаланбайтын технология дәуірі - XXI ғасырда ақпараттық гигиена – адам қауіпсіздігі мен денсаулығының қажет элементі.
Бұл мақаланың жалғасында ақпараттық гигиена сақтамағаннан пайда болатын ақпараттық шудан қалай құтылуға болатыны туралы талқылап, ереже ретінде 8 әдісті қарастырамыз.
Дереккөз:
https://lifehacker.ru/informatsionnyj-shum/
https://lady.tochka.net/54372-9-printsipov-lichnoy-informatsionnoy-gigieny/