Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Ақпарат көпіршігі

09.05.2021 • 11:51

Сен қазірдің өзінде әлеуметтік платформалар мен іздеу жүйелері қызметтер ішінде де, сыртында да біздің онлайн әрекеттерімізді бақылайтынын білесің. Лайк, репост, қаралым саны, клик, іздеу сұраулары, ашық беттер, сыртқы сайттардағы тәртіп - мұның бәрі ескеріледі. Мысалы, Facebook бізге лентаны хронологиялық тәртіппен көрсетпейді, біздің қалауымызға байланысты жарияланымды сұрыптайды. Солайша, «ақпарат көпіршігі» жасалады, бұл бізге ұнайтын шектеулі ақпарат жиынтығын көрсететін арнайы арна тәрізді. Осылайша, біз әлемге өте түсінікті, бірақ тар көріністі аламыз. Бұл біздің миымызға арналған жылы ванна сияқты! Сізге енді ойланудың, талдаудың, фактілер мен пікірлерді салыстырудың, қорытынды жасаудың, сыни ойлауды қалыптастырудың қажеті жоқ.

Не істеу керек?

Ақпаратты дербес жеткізуді өшіріп, интернетте өзіңізді жасырыңыз!

Қалай?

Мысалы, Google-да тіркелу жазбасына кіріп, барлық қадағалау әрекетін өшір. Yandex - «Параметрлер» және «Нәтижелерде менің іздеу тарихымды ескеру» белгісін алып таста.

Деперсонализациялайтын сервистер бар: Ghostery - бақылау жүйелерін анықтап, оларды бұғаттайды, оған қоса жарнамаларды жояды. Disconnect те сондай, бірақ жарнаманы бұғаттамайды»

Facebook-те бүйірлік паенльдегі "Жаңалықтар лентасы» түймесін басып, «Жаңалары» дегенге белгі қой. «ВКонтактеде» оң жақтағы «Әуелі қызықтары» функциясын өшіріңіз. Сондай-ақ, дереккөздерді, оның ішінде өзің келіспейтін дереккөздерді әртараптандыруға болады.

 

Дереккөздер

Ақпарат көпіршігі деген не және одан қалай шығуға болады? Сілтемесі: https://4brain.ru/blog/information-bubble/

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.