Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Ақпараттық шу және толқын

30.04.2021 • 08:45

Ақпарат бізге әр жерден, әртүрлі ақпарат көзінен минут сайын жетіп отырады. Біз Facebook-тан немесе Instagram-нан жаңалықтар оқимыз, бәрін қарап шығамыз, хабарлама парақшасын парақтаймыз, теледидар көреміз, радио тыңдаймыз, журнал оқимыз, сыртқы жарнамаларды көреміз, араласамыз. Нәтижесінде біз үлкен сүзілмеген ақпарат ағынына ие боламыз. Мұны «ақпараттық шу» деп атайды! Мұндай ағымда ақпаратты игеру, оны талдау және маңыздысын бөліп көрсету қиынырақ болады. Бұл «ақпараттық шудың» басты қаупі – оқиғаның айналасында ол туралы фактісі аз, пікірлер, нұсқалар, нұсқаларға комментарилер, оқиғаның нақты фактілері мен жалған, фейк фактілердің симбиозы бар хабарламадан ағын құруы. Енді адам ақпаратты талдап, қабылдағысы келмейді, ол қарапайым ақпарат ағынына ондағыны терең түсініп жатпай-ақ үйреніп кетеді ("диагональ оқу").

Қысқа мерзім ішінде ақпарат кеңістігін толтыратын оқиғалар туралы жарқын, айғайлаған жаңалықтың көптігі «ақпарат толқыны» деп аталады. Олар бірнеше күн ішінде көптеген айғайлаған оқиға болатын нақты жағдай салдары болуы мүмкін, бірақ көбінесе бұл - жасанды құбылыс. Әдетте, ақпарат толқындарын медиа тобы белгілі бір тақырыпқа назар аударту үшін немесе керісінше назарды оқиғадан, құбылыстан, адамнан алшақтату үшін жасайды (мысалы, жанжал туралы айтатын болсақ). Демек, ақпарат себебі (оқиғасы) дегеніміз - оның айналасында «су үстіндегідей» шеңберлер пайда болады, медиацитата, бағалау, түсіндіру және басқа да қысым көрсететін медиа әсерлер. Ақпарат толқыны таралу формасы мен сипаты бойынша әртүрлі болады.

Дереккөздер:

ОФ «Халықаралық «MediaNet» журналистика орталығы», 2021. «Медиа и информационная грамотность» оқу құралы.

Ақпараттық шу деген не және онымен қалай күресуге болады? Е.Кнутов, сілтемесі: https://lifehacker.ru/informatsionnyj-shum/

Болотнов А.В., 2015. Ақпарат толқыны және оның қазіргі медикурстағы түрлері: мәселені шешу, Вестник ТГПУ. №6 (159)

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.