Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Дүниежүзілік тарихтағы ақпараттық соғыстар

21.04.2022 • 08:58

Ақпараттық соғыс (АҚ) көбінесе әртүрлі барлау құрылымдарының жауапкершілігіне кіреді, дегенмен бұл мәселемен айналысатын арнайы бөлімшелер мен ұйымдар да бар. КСРО-да бұл Қызыл Армияның ГлавПУР 7-басқармасы, Үшінші рейхте оқу және насихат министрлігі, АҚШ-та «Ақпарат бюросы» болды. Кәсіби насихатшылар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды.

АС әдістері әртүрлі және саналуан. Бізге белгілі ең ескісі – жауды қорқыту. Мысалы, Парсы патшасы Ксеркс I Грекияға басып кірмес бұрын, өз агенттері арқылы әскерінің жеңілмейтіні туралы мынадай қауесет таратады: «...барлық парсы жауынгері садақ атса, онда жебелер күнді тұтады». Құтқарылып шығу мүмкін емес құпия қару туралы жалған ақпарат адамдарға жақсы өтті. Шыңғыс хан мен Ганнибал да солай істеді. Жауланған аумақ тұрғындары өзіне мойынсұнуы үшін оған қарсы геноцидке тең келетін жаппай лаңкестік жиі жасалды. Басқыншыларға тойтарыс берудің кез келген әрекеті барынша қанды және қыр көрсеткен түрмен басылды. Осындай әрекеттердің арқасында адамдардың жүрегіне үрей ұялады, бұл одан әрі күрестен бас тартуға мәжбүр етті. Моңғолдар әдетте осылай істеген.

АС-ның негізгі әдісі – жалған ақпарат. Бұрынғы уақытта бұл жауға талант пен қиял жетер жерге дейінгі аса оғаш тәсілдермен хабарланды. Әдеттегі әдіс – барлаушыны жау лагеріне лақтыру. Бірақ кейде бұдан қызығырақ нұсқалар да қолданылды. Мажарларды тағы да талқандаған моңғолдар венгр королінің жеке мөрін тартып алып, оның атынан басқыншыларға қарсылықты тоқтату туралы жарлықтар шығара бастады. Содан кейін жарлықты Венгрияның барлық аймағына жіберді.

Баспа пайда болған соң және қалың бұқара біртіндеп сауатты бола бастағаннан кейін АС баспа сөзін жиі қолдана бастады. Осылайша БАҚ-та АС басталды. Үгіт-насихат пен жалған ақпараттың әдеттегі тасымалдаушысы үнпарақ болды, олар жау жауынгерлеріне немесе халыққа әртүрлі тәсілмен жеткізілді. «Өнеркәсіптік» ауқымда үнпарақтарды пайдалану Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде басталды. Дәл осы кезеңде қақтығыстың негізгі қатысушылары үгіт-насихатпен айналысатын арнайы қызметтерді құрды.

Бір ғажабы, бірінші дүниежүзілік соғыс үгіт-насихаттың ең әуелі өз халқына, әскеріне бағытталуы керек екенін анық көрсетті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ең жақсы насихатшылары ағылшындар болды. Басқа нәрселермен қатар, олар үгіттеуші снарядтарды, үгіттеуші миналарды және тіпті, үгіттейтін винтовка гранаталарын жасауды бірінші болып ойлады.

Сол кездегі ең сұмдық ойдан шығарылған оқиға – немістер шошқаларды қоректендіру үшін өздерінің және басқа сарбаздардың мәйітін өңдеп жатқаны туралы ағылшындардың жалған ақпараты. Бұл бүкіл әлемде наразылық дауылын тудырды: бұл жаңалықтан кейін Қытай Антантаға қосылды, Англия мен Америкада майданға өз еркімен аттанғысы келетін еріктілердің бұрын-соңды болмаған ағыны туды.

Немістер де осындай әрекет жасауға тырысты: олар өз халқына орыс казактары нәресте жейтінін айтты (жұрт оларға да сенді). Бұл майдандағы неміс жауынгерлерін Фатерляндты жабайы азиялық каннибалдардан қорғау үшін бұдан да батырлықпен шайқасуға әсер етті.

Екінші дүниежүзілік соғыста сұмдық фейктер туды. Мысалы, немістердің концлагерінде азапталып өлтірілген еврейлер мәйітінен өнеркәсіптік сабын өндірілетіні туралы фейк. Бұл миф әлі күнге дейін бір оқулықтан екіншісіне көшіп жүр, алайда ондайдың болмағанын қазіргі израильдік Холокост ғалымдары растады.

 

Дереккөз: https://militaryarms.ru/novye-texnologii/informazionnie-voiny/

 

 

 

 

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.