Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Интернеттегі қудалау. Негізгі терминдер

20.01.2021 • 15:35

Интернеттің дамуымен көптеген әлеуметтік желі қызметкері өздерінің сайты жеткілікті түрде қауіпсіз емес және пайдаланушыларды үркітеді деп алаңдайды, сол үшін интернеттегі қудалаумен күресу тетіктерін әзірлеп жатыр. Әрі қарай интернеттегі агрессив көріністердің түрі мен формасында ерекшеленетін интернеттегі агрессияға немесе қудалауға қатысты бірнеше термин ұсынамыз.

Кибербуллинг (cyberbulling) – бұл, әдетте, интернет технологиялары мен электрон құрылғылар арқылы ұзақ уақыт бойы мақсатты және қайталанған зиян, оның ішінде әдейі тіл тигізу, қоқан-лоққы көрсету және басқаларға компромат мәліметтерін жариялауды жүзеге асыру [1].

Кибермоббинг (cybermobbing) – кибербуллинг, бірақ агрессор біреу емес, адамдар тобы.

Троллинг (cybertrolling; trolling – жылтырауық қармақпен балық аулау) – қолданушылар арасында жанжал туғызу мақсатында әртүрлі интернет-ресурсқа мысқыл, арандатушы, азғырушы немесе әзіл-оспақ мазмұнындағы мақалалар немесе хабарламалар жариялау, ол басқа пайдаланушыларды пікірталасқа тарту үшін өзара тіл тигізумен қатар жүреді [2].

Хейтинг (hate) – белгілі бір адамға, адамдар тобына бағытталған жағымсыз пікірлер мен хабарламалар, өз позициясын негіздемей біреетін құбылыс [1].

Флэйминг (flaming) – бұл жанжалдасушы тараптардың біреуінің тіл тигізуіне бірден қосыла кететін көптеген адам қатысуымен әлеуметтік желідегі чаттар мен комментарийде тіл тигізудің басталуы, қоғамдық ілікпе сөз эмоционалдық алмасуы.

Кибералстинг (киберсталинг; to stalk – аңду, ізіне түсу) – зардап шегушіні хабарлама алушымен немесе оның отбасы мүшелерімен жасалуы мүмкін заңсыз әрекеттермен немесе зақымдау қаупімен қорқыту мақсатында бірнеше рет қоқан-лоққы, үрей туғызатын және қорқынышты хабарламалар арқылы қудалау.

Грифинг (griefers) – бұл көп ойыншының онлайн ойнында бір ойыншылар басқа ойыншыларды мақсатты түрде қудалайтын процесс. Олардың мақсаты ойында жеңу емес, басқаларды ойын ләззатынан айыру.

Секстинг (sexting) – қудалау және бопсалау мақсатында жалаңаш және жартылай жалаңаш адамдармен түскен фото- және видеоматериалдар тарату немесе жариялау.

Материал Еуразиялық Одақ қолдауымен BRYCA жобасы аясында дайындалды.

Дереккөздер:

  1. Кирилл Хромов (30.05.2018). Кибербуллинг. Postnauka.ru. Мына жерден алынды: https://postnauka.ru/longreads/86459.
  2. Animatika.ru. Мына жерден алынды: https://animatika.ru/info/gloss/trolling.html

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.