Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Интернет-троллиң: феномен және оған қарсы тұру жолдары

28.03.2024 • 05:05

Интернет-троллиң: феномен және оған қарсы тұру жолдары

Интернет-тролльдер, онлайн-бұзақылар адамдарға тіл тигізіп, Facebook, YouTube, Twitter, Instagram секілді платформаларда және форумдарда әртүрлі пікір қалдырып, онлайн-кеңістіктегі адамдарға шабуылдауы немесе оларды арандатуы мүмкін. Троллиңді әдеттегі пікірталастар ажырата білу маңызды: екіншісінде қызық идеялар алмасу болса, троллиң адамның ашуын туғызуды немесе өзін жаман сезіндіруді мақсат етеді.

Қарапайым қалжың немесе пікірталас қалайша троллиңге айналып кетеді? Оксфорд сөздігінде троллиң “қасақана тіл тигізу несесе ашу тудыру үшін әдейі арандататын хабарлама жіберу” деп көрсетілген. Тролльдердің бірнеше түрі бар:

● Еш себепсіз және мақсатсыз ызалы пікір қалдыратын қорлаушы тролльдер.

● Қалжыңды қорлауға айналдырып жіберетін үнемі ренжулі тролльдер.

● Сарапшы болмаса да, өз пікірін білдіретін мақтаншақ тролльдер.

● Кез келген жолмен өзіне назар аудартуға тырысатын “маған қараңдар” дейтін тролльдер. 

Троолиңнің басқа да формалары бар, бірақ онлайн-троллиң шулы тақырыптарына қарамастан салыстырмалы түрде сирек. Оған тап болсаңыз немесе өзіңізді қорғағыңыз келсе, бірнеше стратегияны білуіңіз керек:

Троллиңнен қорғанудың төрт жолы:

Мән бермеңіз: Олардың әрекетін күшейтпес үшін, тіл тигізсе, реакция білдірмеңіз, тролльдерге мән бермеңіз. 

Блоктап тастаңыз: Блоктап, тролльдердің профидіңізді көруіне жол бермеңіз.

Хабарлаңыз: Платформа әкімшісіне троллиң жағдайы туралы хабарлаңыз, қажет болса полицияға жүгініңіз. 

Сөйлесіңіз: Сезімдеріңіз туралы достарыңызбен немесе туыстарыңызбен сөйлесіңіз, жағдайды жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. 

Онлайн-троллиң ықпалын төмендету үшін Facebook пен Twitter қолдану: 

Facebook:

  • Тролльдердің профиліңіз бен хабарламаларға қол жеткізбеуі үшін блоктау функциясын қолданыңыз. 

- Платформа әкімшісіне қорлайтын хабарламалар туралы шағым түсіріңіз.

- Профильді жеке етіп, жазбаларыңызды көре алатындар санын шектеңіз.

Twitter:

  • Тролльдердің профиліңіз бен твиттеріңізге қол жеткізбеуі үшін блоктау функциясын қолданыңыз. 
  • Профильді жеке етіп, твиттеріңізді көре алатындар санын шектеңіз.

Мәселе сізде емес, тролльдерде екенін ұмытпаңыз. Мұндай жағдайда салқынқанды болып, қалжыңдау қабілетіңізді жоғалтпаңыз. Олар сіздің уақытыңыз бен эмоцияларыңызға татымайды.

Дереккөз: https://msavod.uz/

 

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.