Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Әлемдегі киберспорт тарихы

09.03.2022 • 08:24

Киберспорт — видеоойындарды пайдалана отырып, бәсекелестік әрекетке негізделген спорт. Компьютер немесе электрон спорты деп те атауға болады.

XX ғасырдың 70-жылдары Стэнфорд университетінде Spacewar-дан алғашқы компьютер ойыны жарысы өтті. Бұл оқиға университеттің компьютерлік зертханаларының бірінде болды. 1980 жылы АҚШ-тан он мыңға жуық геймер Space Invaders чемпионатында бақ сынады.

1980-жылдары электрон спорты негізінен жаңадан енгізілген видеоойын приставкасы негізінде дамыды. Nintendo және Sega Genesis шыққаннан кейін көптеген компания адамдарды видеоойындармен таныстыруға көп қаражат сала бастады.

90-жылдар компьютер ойындарын таратуда елеулі серпіліс болды, интернеттің пайда болуы видеоойындардың дамуына елеулі серпін берді. Қатысушылар Quake немесе Warcraft жарыстарын өзара ұйымдастыруға мүмкіндік алды.

Киберспорт жарыстары жыл сайын әлемнің көптеген елінде өткізіледі. Ойындар тікелей интернет арқылы таратылады, осылайша олар үлкен аудиторияны тартады. 2000 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан World Cyber ​​Games турнирі киберспорт Олимпиадасы болып есептеледі. Ойын өндірушілері өткізетін мына жарыстар беделді саналады – The International for Dota 2 немесе League of Legends әлем чемпионаты.

2016 жылы Дүниежүзілік киберспорт қауымдастығы құрылды (1).

Кез келген спорт түрі сияқты видеоойын жарыстары басқа елдерді айналып өтіп, белгілі бір елдерде үлкен танымалдылыққа ие болды. Киберспортқа қызығушылықтың өсуі көптеген әртүрлі факторға, соның ішінде интернет жылдамдығы мен құнына, технологиялық дамуға және аудиторияның ойындарға қызығушылығына байланысты.

20 жылдан кейін киберспорттан мықты бірнеше мемлекет анықталды. Бұл елдердің ойыншылары мен командалары ең танымал пәндер бойынша басым түседі, ал ірі қалаларда әлемдік деңгейдегі турнирлер мыңдаған көрерменнің назарын аударады.

Киберспорттан кәсіби ойыншылардың саны мен осы кезге дейін ұтқан сомасына негізделген 2021 жылғы Топ-10 ел*:

10-орын – Бразилия

9-орын – Украина

8-орын – Германия

7-орын – Франция

6-орын – Дания

5-орын – Ресей

4-орын – Швеция

3-орын – АҚШ

2-орын – Оңтүстік Корея

1-орын – Қытай

* — статистиканы esportsearnings.com порталы ұсынды


 

Дереккөздер:

1. https://sportsgroup.ru/raznyie-vidyi-sporta/istoriya-kibersporta.html

2. https://www.championat.com/cybersport/article-4296139-strany-lidery-mirovogo-kibersporta-kitaj-yuzhnaya-koreya-ssha-shveciya-daniya-rossiya-ukraina-i-drugie.html?utm_source=copypaste



 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.