Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Медиа тарихы

18.05.2021 • 13:49

Біз қазіргі қалпында білетін алғашқы әлеуметтік желілер 1990-жылдары пайда болабастады. Осы кезеңде Six Degrees, BlackPlanet, Asian Avenue және басқа да көптеген алаңпайда болды. Мысалы, 1995 жылы америкалық Рэнди Конрадс Classmates.com (орысша аналогы – «Одноклассники») жасады, онда тіркелген қолданушылар әртүрлі оқу орнытүлектерінің каталогы арқылы кластастарын таба алады. Classmates.com бірдентанымал болды, қазір оны 50 миллионнан астам адам пайдаланады.

2000-жылдары әртүрлі қызығушылғы бар адамдар мен ұйымдарды біріктіретінәлеуметтік желілер саны тез өседі. Өзіңіз қараңыз.

- 2002 жылы  АҚШ Friendster шығарды.

- 2003 жылы LinkedIn пайда болды, бұл – бүгінде 740 миллион қолданушысы баркәсіби желі.

- 2004 жылы Гарвард студенттері құрған және тек Гарвард студенттеріне арналғанFacebook пайда болып, ол кейінірек дамып, қазір әлемдегі ең көп қаралатын уеб-сайттардың бестігіне кіреді. 2021 жылдың басында оның 3 миллиардтан астамқолданушысы болды.

- 2005 жылы 2,3 миллиард жазылушы аудиториясы бар YouTube платформасы құрылды.

- Twitter тарихы 2006 жылдың басынан басталды. Бастапқыда бұл сервис компанияқызметкерлері арасындағы ішкі байланыс үшін пайдаланылды, бірақ жазда Twitter көпшілікке ортақ хабарламалар алмасуға да қолжетімді болды. Бірінші хабарламаны жүйенің иесі Джек Дорси жіберді, ол былай деп жазды: «Just setting up my twttr»(«Менің Twitter-імді орнатыңыз»). Қазіргі кезде Twitter интернет-қолданушыларарасында өте танымал, аудиториясы 300 миллионнан асады.

- 2006 жылы Ресейде Facebook-тің аналогы «ВКонтакте» пайда болды. 97 миллионқолданушысы бар желі Ресейдегі ең танымал әлеуметтік желілердің ондығына кіреді.

- Фотолар мен видеожазбалар алмасуға болатын тегін Instagram қолданбасы App Store дүкенінде 2010 жылы пайда болды. Instagram бастапқыда пайдаланушыларға әртүрліжерде жүргенін «тіркеуге», достармен кездесуді жоспарлауға және фотосуреттержариялауға мүмкіндік берді. Әзірлеушілер статистиканы талдағаннан кейін адамдартек фотосуреттерін бөлісетінін білді. Сондықтан фотосурет салудан басқа барлықфункцияны өшірді. Бүгінде желі аудиториясы 1 миллиардтан асты.

 

Дереккөз:

Sciencepop.ru, История социальных сетей: появление и развитие, сілтемесі мына жерде: https://sciencepop.ru/istoriya-sotsialnyh-setej-poyavlenie-i-razvitie/

Хабр, История и развитие социальных медиа, сілтемесі мына жерде: https://habr.com/ru/post/72136/

Аудиторияға қатысты деректер Business of Applications сайтынан алынды, https://www.businessofapps.com/

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.