Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Танымал фейк фотолар және оларды анықтау

29.02.2024 • 02:40

Фотофейк пен шынайы фотоларды ажырата аламын деп ойлайсың ба? Жаңа фотофейктер үнемі шығып отырады, бірақ біз бүгін солардың ішінде ең көп тарағандарына тоқталамыз.  

Facebook желісінде танымал актерлер Брюс Ли мен Жан-Клод Ван Дамның қол алысып тұрған фотосы тарап кетті. Фото қолданушылардың назарына ілініп, желіде кең талқыланды.  Фактчекерлер оны тексеріп, фотоның шынайы емес екенін, онда актерлердің жастары сәйкес емес екенін анықтады. Түпнұсқада фотода Брюс Ли жалғыз тұр және ол ғимараттың ішінде түсірілген. Бұл суретті тіпті Брюс Лидің ресми сайтына кірген кезде де көруге болады. Онда фотоның шынайы нұсқасы слайд-шоу ретінде орналасқан суреттер мен видеолар арасында бар. [1] 

2022 жылы Аргентина құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісінен соң баспасөз құралдарында Месси бейнеленген 1000 песо купюра тарап кеткен еді. Осылайша мемлекеттің ұлттық банкі әлемдік спорт жұлдызы Лионель Мессидің есімін тарихта қалдырғысы келгені де айтылды. Дәл осы номиналды таңдау да кездейсоқ емес екені, себебі футболист ойнайтын нөмір оннан басталатыны да көтерілді. Factcheck.tj фактчекерлері TinEye құралының көмегімен Мессидің суреті қолдан жасалғанын және бұл нұсқаны Агентина Орталық банкінің мүшелері қалжың ретінде ұсынғанын анықтады. [2]

2018 жылғы 29 қазанда индонезиялық Lion Air әуе компаниясының Джакартадан Банка аралындағы Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 ұшағы 13 минуттан соң Батыс Ява маңындағы жағалаулардың бірінде теңізге құлады деп жазды БАҚ. Ұшақ бортында экипаж мүшелері мен жолаушыларды қосқанда 189 адам, оның ішінде үш бала болған. Индонезиялық құтқарушылар апаттан тірі қалғандардың жоқ екенін хабарлаған. Алайда сол күні 1 қарашада Facebook әлеуметтік желісінде араб тілінде жазылған сипаттамасы бар фото пайда болды. Онда индонезиялық ұшақ құлаған соң үш күннен кейін құтқарушылар теңізден құтқару жилетіне оралған және соның арқасында бірі қалған баланы тапқаны жазылған. Алайда  фактчекинг мұның фейк ақпарат және фейк фото екенін көрсетті.  [3]

1917 жылы жас туыстар Элси Райт пен Фрэнсис Гриффитс Англиядағы Коттингли қаласындағы бақшада феялармен суретке түседі. Қыздар жалпы бес фото жасап, көпшіліктің назарына ілікті, тіпті танымал автор Артур Конан Дойльдің өзін алдады. Алайда 65 жылдан соң 80-жылдардың басында қартайған шағында Элси мен Фрэнсис суретті картон қималарын қолдану арқылы қолдан жасағанын мойындады. [4]

Фейк фотолардың анализі неліктен маңызды деп ойлайсың?

Біріншіден, ақиқатты сақтау үшін: фейк фотолар шындықты бұрмалайды және адамдарды адастырады, жалған ақпаратқа сендіреді. Фейк фотолардың анализі және оларды анықтау шындықты сақтауға және дезинформация таралуының алдын алуға көмектеседі. 

Екіншіден, сенімді сақтап қалу үшін. Жалған фотолар вирус сияқты тарап кеткенде, бұл соны таратқан белгілі бір адамдарға, ұйымдарға және баспасөз құралдарына сенімді жоғалтады. Фейк фотолардың анализі нақтылық пен фактілерді тексеруге басымдық беретін дереккөздерге деген сенімді сақтауға ықпал етеді. 

Qlever платформасымен бірге бол және ең қызық ақпаратты біліп жүр!

Дереккөздер: 

 

  1. Factchek.tj  күні: 19.01.2023 мына вебсайттан алынған: https://factcheck.tj/2023/01/19/fejk-aksi-yakjoyaii-bryus-li-va-zhan-klod-van-damm-dar-facebook/ 
  2. Factchek.tj  күні: 25.01.2023 мына вебсайттан алынған: https://factcheck.tj/2023/01/25/durugh-argentina-mehohad-puli-koghaziero-bo-aksi-messi-ba-muomilot-barorad/ 
  3.  BBC күні: 29 қазан 2018  мына вебсайттан алынған: https://www.bbc.com/russian/news-46014052 
  4. The Voice күні: 24.02.2023 https://www.thevoicemag.ru/lifestyle/stil-zhizni/fei-iz-kottingli-kak-dve-devochki-ubedili-celyy-mir-v-sushchestvovanii-fey/ 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.