Гендер бойныша кемсіту бала кезден басталады. Қыздар мен ұлдар дүниеге келген сәттен бастап күту және ресурстар мен мүмкіндіктерге қол жеткізу тұрғысынан тең емес гендер нормалармен бетпе-бет келеді, мұның салдары өмір бойы үйде, мектепте және қоғамда әсер етеді.
Мысалы, бүкіл әлем бойынша көбіне ер балалар мектепке баруға және жұмысқа дайындалу үшін білім алуға ынталандырылады, ал қыздар ауыр үй шаруаларын атқарып, соның кесірінен мектепке бара алмайды.
Гендер теңсіздігі салдары қандай болады?
Жаһандық прогреске қарамастан, гендер теңсіздігі әлі бар. COVID-19 пандемиясы көп жыл бойы қол жеткізген жетістіктерге қауіп төндірді. Қыздардың аса көп бөлігі, әсіресе тым кедей отбасылардан шыққан қыздар білім алу кезінде, жастай күйеуге шығу бойынша және мойындалмаған үй жұмысында гендер бойынша кемсітуге ұшырап жатыр.
Гендер теңсіздігінің кейбір мысалы:
Білім беру саласындағы гендер теңсіздігі. Пандемия басталғанға дейін де қыздар ер балаларға қарағанда мектепке бармайтын еді. Қақтығыстар, кедейлік және басқа да әлеуметтік қолайсыздықтар білім беру саласындағы гендер теңсіздігін күшейтеді. Мысалы, қақтығыстар болған елдерде тұратын қыздардың мектепке бармауы ер балаларға қарағанда 2,5 есе көп. 2020 жылдың соңына қарай 9,7 миллионға жуық бала мектепті тастап кетуге мәжбүр болды, оның ішіндегі қыздарға көбірек қауіп төнген.
Балалар некесі. Балалар некесі – гендерлік зорлық-зомбылықтың бір түрі және гендер теңсіздігі мен гендер бойынша кемсіту нәтижесі әрі қозғалтқыш күші. Эксперттер COVID-19 пандемиясы балалар некесі азайған 25 жылдағы жетістікті жоқ қылуы мүмкін деп болжайды. Шын мәнінде, «Спасите детей» талдауы 2025 жылға қарай пандемияға байланысты тағы 2,5 миллионға жуық қызбалаға тұрмысқа шығу қаупі төнетінін анықтады. Бұл – шамамен 30 жылдағы балалар некесінің ең көп өскені.
Жынысы бойынша зорлық-зомбылық көрсету бүкіл әлемнің барлық экономикалық және әлеуметтік тобында болып жатыр. Ұлдар да, қыздар да кері әрекетке тап болғанымен, әсіресе қыздарға қауіп көбірек төнеді. Бағалаулар бойынша, дүниежүзінде әрбір үшінші әйел өмірінде зорлық-зомбылық көрген.
Балалар еңбегі. Қазіргі уақытта әлемде 152 миллион бала балалар еңбегіне тартылған. Бала еңбегі олардың мектепке баруына кедергі жасайды немесе олардың сабаққа қатысуын шектейді, бұл олардың құрдастарынан артта қалу қаупін тудырады. Қыздар көбіне үй шаруасымен айналысады, ал ұлдар құрылыс сияқты ауыр жұмыстар істейді.
Гендер теңдігі не себепті маңызды?
Гендер теңдігі адамның негізгі құқығы ғана емес, сонымен бірге бейбіт, гүлденген және тұрақты болашақтың болуына қажет негіз. Гендер мәселелерін жою әйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдар құқығы, ресурсы, мүмкіндігі тең және теңдей қорғалатын әлемді білдіреді.
Қыздардың құқығы мен мүмкіндіктерін о бастан бастап кеңейту өмір бойы ұзақ мерзімді пайда әкелетіні дәлелденді. Қыздарға, атап айтқанда, олардың қоғамдық және саяси өмірдегі белсенділігіне қолдау берілсе, оларға өз отбасылары мен қоғамдастықтарында оң өзгерістердің қозғаушы күші болуға қажет құралдар мен дағдылар беріледі. Қыздар – өз тәжірибесі, басымдықтары мен қажеттіктері бойынша экспертер және гендер теңдігі өркендейтін әлем үшін қуатты катализаторлар.
Дереккөз:
- Save the Children; “GENDER DISCRIMINATION CAUSES INEQUALITY” https://www.savethechildren.org/us/charity-stories/how-gender-discrimination-impacts-boys-and-girls#:~:text=Gender%20inequality%20is%20discrimination%20on,violated%20by%20gender%20based%20discrimination.
Бұл материал Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен дайындалды.
Материал мазмұны "Гурдофарид" ЖШҚ-ның жуапкершілігінде және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.