Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Фейк фотоларды тексеру үшін Google Images және/немесе TinEye сервистерін қолдану

22.02.2024 • 10:35

Цифрлық ақпарат дәуірінде қоғам пікірін манипуляциялауға арналған фейк фотолар кең тарап кетті. Алайда технологиялардың дамуымен суреттің қайдан шыққанын анықтауға мүмкіндік беретін құралдар да пайда болды. Google Images және TinEye – суреттің шынайы немесе фейк екенін анықтауға мүмкіндік беретін сервистер. 

Google Images суретті кері іздеуге арналған ыңғайлы құрал. Ол суреттің дереккөзін және интернеттегі соған ұқсас басқа да суреттерді табуға мүмкіндік береді. Ол үшін веб-браузерден Google Images сервисін ашып, іздеу жолағының жанындағы камера белгісіне басып, суретті жүктеу керек немесе URL енгізуге де болады. Іздеуден соң суреттің қайда және қашан жарияланғанын анықтау үшін «Уақыт» мәзірін пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл әдіс суреттің бұрын-соңды пайдаланылған-пайдаланылмағанын анықтауға көмектеседі. 

TinEye – суретті кері іздеуге мүмкіндік беретін тағы бір құрал. Ол фотоның түпнұсқа екенін тексеруге көмектеседі. Ол да Google Images сияқты жұмыс істейді. TinEye индексінде 45,9 миллиард сурет бар. Ол қолданушыларға іздеу керек үлкен деректер базасын ұсынады. Сервис суреттің алғашқы дереккөзін анықтап, оны кім және қашан жариялағанын білуге, сондай-ақ суреттің сапалы үлгілерін табуға, оның өзгертілген немесе редакцияланған нұсқаларын көруге мүмкіндік береді. 

Google Images немесе TinEye сервистерін қолданған кезде суреттің фейк екенін көрсететін мына белгілерге назар аударыңыз: 

- Шынайы емес көлеңкелер немесе кескіндер. 

- Сутаңбалардың болуы.

- Сурет сипаттамасының болмауы немесе сапасындағы аномалиялар. 

Бір ғана құралға сүйеніп фотосуретпен жасалған манипуляцияны толық дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға болмайтынын естен шығармаған жөн. Толық анализ жасау үшін бірнеше құралды пайдалануды ұсынамыз. 

Бұл құралдар сізге цифрлық әлемде ақпарат тұтынуға сыни қарауға және хабардар болуға көмектеседі деп үміттенеміз. 

 

Дереккөздер: 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.