Өмірді, әсіресе, қаржы мәселесін болжау мүмкін емес. Сенің табысың болсын немесе ата-анаң беретін ақша болсын, таусылмайтындай көрінгенімен, түбінде бітіп қалады. Бірақ ақшаны тек сақтап қана қоймай, оны тиімді басқарудың жолдары бар. Қаржыңды ақылмен басқарудың, қаржылық мақсаттардың және болашаққа ақша жинау үшін оны үнемдеудің жолдарын бірге қарастырайық.
Ақшаны не үшін жинауға болады
Жинақ мақсаттарын анықтау - қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізу жолындағы маңызды қадам. Дұрыс таңдалған мақсаттар ынталы болуға, сол мақсатқа ұмтылуға көмектеседі. Міне, ақшаны қандай мақсатта жинауға болатынын анықтауға көмектесетін қадамдар:
Қазіргі қажеттіліктерің мен қалауларыңды бағала
Өзіңе «Маған шынымен не қажет?» және «Мен шынымен нені қалаймын?» деген сияқты бірнеше маңызды сұрақ қой. Мысалы, оқуыңа ноутбук немесе жаңа киім қажет болуы мүмкін. Бұлар онсыз өмір сүру қиын заттар. Сонымен қатар, өз қалауларың туралы ойлан. Мүмкін саяхаттауды, ескі телефоныңды жаңартуды немесе жаңа дағдыларды үйренуді армандайтын шығарсың. Бұл қалаулар өмірлік қажеттілік болмауы мүмкін, бірақ олар өмір сапасын жақсартады және қуаныш әкеледі.
Мақсаттарды санаттарға бөл
Мақсаттарыңның табиғаты мен маңызын жақсырақ түсіну үшін оларды бірнеше санатқа бөлі.
Біріншіден, негізгі қажеттіліктер мен өмірлік маңызды шығындарды қамтитын қажетті мақсаттарды анықта. Мұндай мақсаттардың мысалдарына тамақтану, денсаулық, сондай-ақ қажетті керек-жарақтар мен заттарды сатып алуды жатады.
Екіншіден, өмір сапаңды жақсартатын, бірақ міндетті емес қалаулы мақсаттарды анықта. Мұндай мақсаттарға саяхат, хобби және ойын-сауықты жатқызуға болады.
Әрине, болашақта табысыңды арттырып, жағдайыңды жақсартуға көмектесетін инвестициялық мақсаттарыңды да ұмытпа. Мысалы, білім алу.
Мақсаттар тізімін жасап, олардың құнын бағала
Үлкен және маңызды мақсаттардан бастап, содан кейін маңызы төмен мақсаттарды қос. Қаржылық жоспарларың туралы нақты түсінік алу үшін барлық мақсаттарыңды жазып ал.
Содан кейін әр мақсаттың құнын бағала. Әрбір мақсатқа жету үшін қанша ақша қажет екенін зерттеп, анықтап шық. Мысалы, мақсатың демалысқа бару болса, билеттердің, тұратын жердің, тамақтанудың және басқа шығындарға қанша кететінін біл. Бұл сізге қанша ақша жинау керек екенін түсінуге және жинақтарыңды тиімдірек жоспарлауға көмектеседі.
Осы қадамдарды орындай отырып, нақты қандай мақсатқа ақша жинағың келетінін анықтай аласың және қаржылық мақсаттарыңа жету үшін тиімді жоспар жасай аласың.
Қалай дұрыс үнемдеп, ақша жинау керек
Ақша жинауды үйрену үшін қаржыға деген көзқарасыңды өзгерту маңызды. Үнемдеу - бұл тек бірдеңе сатып алудан бас тарту емес, бұл шығындарға саналы көзқарас және бюджетті жоспарлау деген сөз.
Күнделікті өмірде үнемдеу
Күн сайын ақша үнемдеудің көптеген жолы бар. Мысалы:
● Дүкеннен немесе мейрамханадан тамақтанудың орнына үйде тамақ жасау.
● Азық-түлікті тізім бойынша сатып алу және импульсивті аудадан аулақ болу.
● Жеңілдіктер мен акцияларды пайдалану.
● Қымбат тауарлардың арзан баламаларына көшу.
Қаржылық мақсаттар және олардың басымдықтары
Қаржылық мақсаттарды белгілеп, басымдықтарды анықтау маңызды. Мысалы, алдымен қаржылық қауіпсіздік жастығын жинап, содан кейін ірі заттарды сатып алуға ақша жинау керек. Бұл шығындарды жоспарлауға және қажетсіз шығындардан аулақ болуға көмектеседі.
Мақсаттарыңды анықта: Оларды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөл.
-
Қысқа мерзімді мақсаттар (1 жылға дейін): Жаңа ойын консолін, жаңа телефон сатып алуға, курстарға немесе шеберлік сыныптарына қатысуға, демалысқа немесе қысқа сапарларға ақша жинау.
-
Орта мерзімді мақсаттар (1-5 жыл): Білім алуға, қымбат гаджет (мысалы, ноутбук) сатып алуға, велосипедке, өзіңе немесе жақын адамыңа үлкен сыйлық алуға, саяхатқа жинау.
-
Ұзақ мерзімді мақсаттар (5+ жыл): Дербес өмірге, мысалы, пәтер жалдауға, өз болашағыңа инвестиция салуға, ұзақ мерзімді курстар немесе шетелде оқуға ақша жинау.
Басымдықтарды анықта. Әр мақсаттың маңызын бағалап, оларға жету тәртібін белгіле. Ең алдымен, қаржылық қауіпсіздік жастығын құру қажет. Ол үшін 3-6 айлық шығыныңа тең сома жина. Бұл жұмыстан айырылған немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін керек.
Қаржылық жастық құрылғаннан кейін ірі заттарды алуға ақша жинай бастауға болады. Бұл мақсаттар айтарлықтай қаржылық салымдарды және мұқият жоспарлауды қажет ететіндіктен, негізгі қаржылық резервті құрып алған соң ғана оларға жауапкершілікпен қарау маңызды.
Жоспар құр. Белгіленген мерзімде әр мақсатқа жету үшін ай сайын қанша қаржы жинау керек екенін анықта.
Эмоциялық шығындарды бақыла
Импульсивті сауда бюджетіңе теріс әсер етуі мүмкін. Оны сатып алмас бұрын, бұл саған шынымен қажет пе, әлде бұл тек сыртқы факторлардан туындаған кенеттен пайда болған қалау ма, соны ойлан.
Саудаларыңды талда. Сатып алар алдында өзіңге бірнеше сұрақ қой:
● Бұл шынымен қажет пе?
● Мен қазір мұны ала аламын ба?
● Мен күте аламын ба?
Қалауларыңның тізімін жаса. Импульсивті сауда жасаудың орнына, қалаған заттарды тізімге қос. Бірнеше күннен немесе аптадан кейін осы тізімге орал - көбіне бұл заттардың көпшілігі онша қажет емес болып шығып жатады.
Шектеулер қой. Айына импульсивті саудаға рұқсат етілген соманы анықтап, содан аспа.
Қызығушылықтарың мен біліміңді дамыт
Білім мен қызығушылықтардың әртүрлілігі әлемді жақсырақ түсінуге және тұлғалық және қаржылық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер табуға, сондай-ақ ақша жинауды үйренуге көмектеседі.
Білімге инвестиция сал. Біліктілігіңді арттыратын және жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашатын курстар мен семинарларға қатыс.
Хоббиіңді дамыт. Хоббимен айналысу қосымша табыс әкелуі мүмкін.
Қаржы, тұлғалық даму және психология туралы кітаптар мен мақалалар оқы.
Кішкентай қадамдар болса да жинай бер
Тіпті күнделікті шағын жинақтар бір жыл ішінде айтарлықтай сомаға айналуы мүмкін. Табысың әзірге аз болса да, бастап кету маңызды.
10% ережесін қолдан. Әр табыстың 10%-ын жинақта. Сома шағын болып көрінсе де, ол біртіндеп өседі.
Күнделікті жинақтар. Күн сайын үнемдеудің жолдарын тап. Мысалы, мейрамханадан кофе сатып алудан бас тартып, күніне 190 сом үнемде. Бір айда бұл 4,900 сом болады.
Шығындар мен кірістерді бақылау
Шығындар мен кірістерді бақылау - қаржыны табысты басқарудың негізгі аспектісі. Мұны жасаудың көптеген жолы бар:
Блокнот
Ең қарапайым тәсіл - барлық кірістер мен шығыстарды блокнотқа жазу. Бұл жалпы жағдайды көруге және ақшаның қайда жұмсалатынын талдауға мүмкіндік береді.
Қаржыны есепке алу үшін жеке блокнот арна. Оны бірнеше бөлімге бөл:
-
Кірістер. Бұл бөлімде жалақыңды, қосымша табысыңды, пассивті кірісіңді жаз.
-
Шығындар. Мұнда азық-түлік, медициналық шығындар, ойын-сауық, білім беру және т.б. шығындарды көрсет.
-
Қорытынды есептеулер. Әр айдың соңында қорытынды шығар. Жалпы жағдайды көру үшін барлық кірістер мен шығыстарды қос, сондай-ақ қалған қаражатты немесе тапшылықты есепте. Қалдықты мақсаттары бар жеке кестеге жазуға болады
Қаржылық қосымшалар мен құралдар
Қазіргі таңда шығындарды бақылауға және бюджетті жоспарлауға көмектесетін көптеген қосымша бар.
Money Lover – қаржыны есепке алуға арналған танымал қолданбалардың бірі. Android, iOS және веб-нұсқасында қолжетімді
CoinKeeper – ыңғайлы интерфейсімен және деректерді енгізу үшін "сүйреп апару" функциясымен ерекшеленетін қаржыны есепке алуға арналған тағы бір танымал қолданба. Android және iOS үшін қолжетімді.
Monefy – қаржыны есепке алуға арналған минималистік дизайны бар қарапайым және ыңғайлы қолданба. Android және iOS үшін қолжетімді.
Шығындарды Excel-де тіркеуге де болады, бұл электрондық кестелермен тиімді жұмыс істеуді үйренуге көмектеседі.
Осы қадамдардың әрқайсысы қаржылық сауатты дамытуға ықпал етеді және жарқын әрі қаржылық тәуелсіз болашақтың негізін қалауға көмектеседі. Ақшаны тағы қалай жинауға болады? Өз лайфхактарыңды «Форум» бөлімінде бөліс. (мұндай тақырып әлі жоқ)
Қаржылық сауат пен медиа білім беруді үйренудің тамаша ресурстарының бірі - Qlever платформасы. Qlever сізге қаржының негіздерін ғана емес, сонымен қатар қазіргі өмірдің басқа да маңызды аспектілерін игеруге көмектесетін сапалы білім беру материалдары мен құралдарын ұсынады. Платформа жастардың білім деңгейін арттыруға бағытталған және оларға тез өзгеретін әлемде бағдарын табуға көмектеседі.