Қаржы әлемінде инвестиция негізгі ұғымдардың бірі. Бірақ 12 до 25 жастағы жастар ол туралы не біледі? Балалар мен жасөспірімдер ондайды ойлай ала ма? Бірге талдап көрейік.
Инвестиция деген не?
Инвестиция — ақшаны болашақта артады ғой деген үмітпен әртүрлі активтерге салу арқылы арттыруға болатын қаржы мүмкіндігі. Бұл компания акциясын, облигацияларды, жылжымайтын мүлікті немесе басқа да қаржы құралдарын сатып алу болуы мүмкін.
Жастарға арналған инвестиция туралы мифтер
Инвестиция жасау балалар мен жасөспірімдер үшін қиын және түсініксіз нәрсе деген миф бар.
Көбі тек табысты адамдар ғана инвестиция жасай алады деп ойлайды. Шын мәнінде, әртүрлі табысы бар адамдарға арналған түрлі инвестиция құралдары бар.
Қаржы туралы білім алу пайдалы болғанымен, инвестициялауды бастау үшін сарапшы болудың қажеті жоқ. Оның негізін басынан бастап үйрететін кітап, мақалалар мен онлайн курстар да көп. Бұдан бөлек, қаржы кеңесшілерінен кеңес алуға да болады.
Көріп отырғандарыңыздай, шын мәнінде бәрі олай емес. Иә, инвестиция білім мен нарықты түсінуді талап етеді, бірақ жастар үшін де қолжетімді.
Жас кезде инвестиция жасаудың артықшылықтары
Жас кезде инвестиция бастаудың біршама артықшылығы бар. Біріншіден, бұл ерте кезден өмір сапасын арттыруды бастауға мүмкіндік береді. Екіншіден, жас инвесторлардың уақыты көп, ал бұл қатерлерден өтуге және инвестицияның ұзақ уақыт бойы жинала беруіне пайдасын тигізе алады.
Инвестициялауды қалай бастау керек?
Инвестиция жасауды бастағысы келген жастар үшін бірінші қадам – білім алу. Инвестицияның негізгі принциптерін үйрену, активтердің түрлерімен танысу және қатерлерді басқару стратегиясын меңгеру.
Содан кейін сізге қолжетімді инвестиция мүмкіндіктерін қарастырып көріңіз. Көптеген брокерлік платформа кәмелетке толмағандарға арналған арнайы аккаунт ұсынады, сол жерде олар ата-аналарының немесе қамқоршысының бақылауымен инвестициялауды бастай алады.
Қорытынды
Инвестиция жасау — ақшамен ойын ойнау емес. Бұл капитал жинап, қаржылай тәуелсіз болашақты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Тіпті, бұл жолға жастар да түсе алады. Білім алу, шыдамдылық, ерте бастау — кез келген жастағы табысты инвестицияның негізгі бөліктері.
Қаржы сауаты мен медиа сауатты үйретуге арналған ең жақсы ресурстардың бірі – Qlever платформасы. Qlever қаржы негіздерін ғана емес, қазіргі өмірдің басқа да маңызды аспектілерін меңгеруге көмектесетін сапалы білім беретін материалдар мен құралдар ұсынады. Платформа жастардың білім деңгейін арттыруға бағытталған және оларға жылдам өзгеретін әлемге бейімделуге көмектеседі.