Адам үшін өзін қоғамның бір бөлігі ретінде тану және көпшіліктің пікірімен кеңесу маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшіліктің пікірін жамылып, кез келген көзқарасты таңуға болады. Басқа көзқарасты ұстанатын адамдар, олармен келісетін адам аз деп ойласа, пікірін айтудан қорқады – шын мәнінде, олармен көпшілік келісуі мүмкін. Сонымен қатар, адамға координаттар жүйесі қажет – адам белгісіздікте өмір сүре алмайды. Баспасөз дүниенің тұтас бейнесін жасап, барлық оқиғаны соның шеңберінен шықпай түсіндіреді. Оған қайшы келмейтіннің бәріне шын көңілмен сенеді. Бұл жерде қастандық теориясына негіз пайда болады: барлық оқиғаны жағдайлар үйлесімі арқылы түсіндіруге келмейді, адамдардың мотивтері ылғи да ашық бола бермейді, сондықтан бәрін қастандыққа аудара салу оңайырақ.
Жалғыз ғана қарсы әрекет бар, ол – өзіңді бұқаралық ақпарат құралдарынан толығымен дерлік оқшаулау. Бірақ постиндустриалды қоғамда бұл тек дүниеден безген жағдайда ғана жүзеге асады. Мұндай қатаң шараға дайын емес адамдар үшін жалған ақпарат пен үгіт-насихаттың әсерін барынша азайтуға көмектесетін бірнеше кеңес берілген:
- Тыңдауға немесе көруге емес, оқуға тырысыңыз. Оқыған адам сын тұрғысынан көбірек ойлайды, сондықтан оңай адаспайды.
- Манипуляция әдістерін есте сақтап, оларды өмірде байқаңыз. Манипуляцияны анықтасаңыз, онда ол сізге әсер ете алмады деген сөз.
- Ешбір дереккөзге сөзсіз сенбеңіз. Бір тараптың үгіт-насихатынан аулақ бола алсаңыз, бұл екінші тараптың насихатының құрбаны болмайтыныңызды білдірмейді: соғыс кезінде бәрі өтірік айтады.
Сондай-ақ, АС кезең-кезеңімен енгізілетінін есте сақтаңыз. Ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейдегі қысымда жүру мүмкін емес, сондықтан соғыстың ең шиеленісті сәтінде өзіңіз үшін ақпараттық диета ұстағаныңыз жөн. Мысалы, демалысқа кетіп қалыңыз немесе сериал көруге, кітап оқуға, болмаса видеоойын ойнауға отырыңыз.
«Дағдарыс ұзақтығына байланысты АС да ұзақ уақыт болуы мүмкін. Олар кенеттен, бір мезгілде дерлік басталуы мүмкін, бірақ көбінесе қоғам біртіндеп тартылады. Академиялық тұрғыдан кез келген АС – сол жарнама немесе PR науқаны сияқты жоғары қарқынды коммуникациялық науқан.
АС-ның өзіңізге кері әсерін болдырмау үшін теледидар көргенше, жаңалық пен мақала оқыған дұрыс. Бұл – басты ұсыныс. Қалғанының бәрі, қызық болғанда, психикалық гигиенаға қатысты:
1) ақпараттық жағдайға эмоционал түрде араласпауға тырысу керек, әйтпесе соның тұтқынынаайналасыз;
2) оқиғаның артында шын адамдардың азабы бар екенін ешқашан естен шығармау;
3) жаңалықтар мен жаңалықтар сайтын қарау уақытын шектеу (айталық, күніне 15-20 минут – бұл оқиғалардан хабардар болуға жеткілікті);
4) ешбір жағдайда саясатпен бірге өмір сүрмеу керек, мәдениетке құрмет көрсетуді ұмытпаңыз (тым болмаса, киноға барыңыз);
5) күніне, кем дегенде, 15-20 минут серуендеу өте пайдалы әрі серуендеу керек те (дұрысы –саябақта жүру) — бұл психоэмоционал қысымды жеңілдетеді. Көріп отырғаныңыздай, құпия ештеңесі жоқ — біз мұның бәрін жақсы білеміз. Бірақ, өкінішке қарай, орындамаймыз», – Валерий Соловей, профессор, ММХҚИ (МГИМО) қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі.
Дереккөз: http://www.lookatme.ru/mag/how-to/inspiration-howitworks/206079-infowars